Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Саябақта серпін бар

Саябақта серпін бар

Қазалы ауданының сәулеттік келбетін көркейту мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Аумақты құрылыс бойынша қалыпты пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіруде игілікті істер қолға алынды. Осыған орай «Жеңіс» саябағы толығымен қайта жаңғыртылады.

Табиғи немесе арнайы отыр­ғызылған өсімдіктері бар жолдармен, аллеялармен, су қоймаларымен жабдықталған. Демалуға және сер­уен­деуге арналған, рельефке бағы­натын ойластырылған ландшафты дизайны бар ашық жасыл аймақты саябақ дейміз. Әдетте саябақтарды мемлекет күтіп ұстайды және барлығына демалу үшін беріледі. Сол үшін аудан әкімдігінің тапсырысымен қомақты қаржы бөлініп, «Жеңіс» саябағында қазалылықтар емін-еркін басқосатын, жанға жайлы демалыс орнына айналдыруға күш салынып жатыр.
Қазір мұнда негізгі жол құрылысы бітуге жақын. Жоба бойынша саябақты жағалай айналма жол төселеді. Өз кезегінде бұның да халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыруға септігі мол болмақ. Саябақта бала­ларға арналған ойын алаңдары мен жаттығу жасайтын жабдықтар қойылады. Сонымен бірге волейбол және футбол ойын алаңдары түседі. Бұл өз кезегінде үлкендердің келуіне де сеп болады.
Бұдан бөлек сырттан келушілер мен аудан тұрғындары және жас­тар суретке түсуге қолайлы монументтер, хан тағы және Қазақстан қалалары көрсетілген карта макеті орналас­тырылады. Мамандардың айтуынша, халықтың алаңсыз демалуы үшін көлеңкелі орынжайлар мен арнайы әжетхана да салынады. Сонымен қатар қазалылық кәсіпкерлердің ұсынысымен жаздық бассейін де құрылады деген жоспар бар. Бұған қоса шырша, қарағай, туя сынды он түрлі ағаш егіледі деп көзделуде.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА


07 желтоқсан 2024 ж. 321 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 119

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 118

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 114

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 101

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930