96% тиімді: АИТВ-қа қарсы вакцина сынақтан сәтті өтті
Эмори университетінің зерттеушілері және вакцинаны әзірлеуші Гилеад компаниясы АИТВ-ға қарсы революциялық препарат жасап шықты. Клиникалық сынақтар жылына екі рет енгізілетін инъекциялардың 96% тиімді екенін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Америкалық Gilead Sciences Inc. АИТВ-ға қарсы вакцина жасалғанын жариялады. Дегенмен препараттың жылдық дозасының құны 40 мың доллардан (21 миллион теңге) асады.
Сынақ барысында Ленакапавир тобындағы қатысушылардың 99%-ы ауруды жұқтырған жоқ. Зерттеу барысында 2179 адамнан екі қатысушы ғана АИТВ жұқтырған.
Зерттеуге Оңтүстік Африка мен Угандадағы 16 мен 25 жас аралығындағы 5300-ден астам әйел қатысты. Егер мақұлданса, препарат инъекция алған кез келген адамның жыныстық қатынас арқылы вирус жұқтырып алуына жол бермейді.
"Адамдар жарты жылда бір рет қабылдауы қажет инъекциялық дәрілік препараттың тиімділігі 100% дерлік болғаны өте керемет. Бұл – медицинадағы елеулі жетістік. Күнделікті дәрі-дәрмек қабылдағаннан гөрі бұл науқастар үшін өте тиімді", – деді зерттеу авторы және Эмори университетінің медицина мектебінің профессоры Коллин Келли.
Бастапқыда препарат басқа екі дәрімен салыстырғанда сынақтан өтті, бірақ сынақтар тоқтатылды, оны барлық сынаққа қатысушыларға мерзімінен бұрын тағайындады.
Gilead Sciences, Inc. басқа зерттеулердің, соның ішінде ерлердің қатысуымен жүргізілген зерттеулердің нәтижелері белгілі болғаннан кейін препаратты қолжетімді етуге уәде береді.