Дәрігер лас шприцті пайдаланып, 400-ден астам адамға ВИЧ жұқтырды
Пәкістанның оңтүстігіндегі шағын ауылда 400-ден астам адам жергілікті медиктің салғыртығынан АИТВ жұқтырған, Олардың көпшілігі балалар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат порталы South China Morning Post-қа сілтеп.
Синд провинциясының билігі оқиға орын алған ауылға бірнеше медициналық пункттер орнатты. Адамдар өздерінің АИТВ-статусын тексеру үшін отбасылармен кезекте тұр.
Ауруды жұқтыруға себепші болған, қолданылған шприцті пайдаланған дәрігер ұсталып, жауапқа тартылған. Дәрігердің өзі де АИТВ жұқтырғаны белгілі болды. Тергеу нәтижелері әлі анықталған жоқ. Инфекцияның жүздеген адамға берілуіне әкеп соққан қылмыстық іс немқұрайлылық немесе қасақана пиғыл ма анықталып жатыр.
UNAIDS мәліметтері бойынша, елде медициналық дағдылары мен білімі жоқ шамамен 600 мың дәрігер-шарлатан жұмыс істейді. Олардың көпшілігі үнемдеу мақсатында бір реттік шприцтерді қайта пайдаланады және қан құю кезінде санитарлық нормаларды сақтамайды.
2017 жылы Пәкістанда АҚТҚ жұқтырудың 20 мың жағдайы тіркелген. Азияда инфекцияның таралу жылдамдығы бойынша бұл елді тек Филиппин басып озады.
Роспотребнадзор кезіндегі ЖИТС-ке қарсы күрес жөніндегі Федералдық орталықтың мәліметтері бойынша, Ресейде 2018 жылдың соңына қарай миллионнан астам АИТВ тіркелген. 300-ден 500 мыңға дейін ресейліктер өздерінің ауруының қай деңгейде екенін білмейді.
Айта кететін бір жәйт, 2018 жылы Миссисипи штатында қара нәсілді америкалық азамат өзінің жыныстық серіктестеріне АҚТҚ-инфекциясын әдейі бергені үшін қамауға алынған болатын.