Тәуелсіздікті ту етемін

Жас ақындар Тәуелсіз қазақ елін жүрекжарды жырларына арқау етті. Егемен елдің бүгіні мен келешегін, дамуы мен өркендеуін әсем әнмен әрледі.
№17 орта мектептің қосымша білім беру маманы А.Маңғұтованың ұйымдастыруымен “Біртұтас тәрбие” бағдарламасының аясында өткен айтысқа 3-4, 5-7 сынып оқушылары қатысты.Айтыста бақ сынаған алты жұпта шеберліктерімен көзге түсіп, айтыс өнерінің өміршеңдігін тағы бір мәрте тыңдарманға паш етті.

Балнұр РАХАТҚЫЗЫ