Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Теңгенің әлсіреуі: Үкімет маңызды мәлімдеме жасады

Теңгенің әлсіреуі: Үкімет маңызды мәлімдеме жасады

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Қазақстанның валюта нарығындағы ауытқуларға байланысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: prodengi.kz

Байбазаровтың сөзінше, соңғы бірнеше аптада валюта нарығында теңге бағамының әлсіреуіне әсер еткен белгілі бір ауытқулар болды. Ол өткен аптада доллар бағамы 500 теңгеден асқанын еске салды.
“Осыған байланысты, біздің азаматтар мен бизнестің алаңдаушылығын түсіне отырып, үкімет пен Ұлттық банк валюта нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша келісілген шаралар қабылдап жатыр. Ұлттық валютаның айырбас бағамын түзету іргелі сыртқы факторлардың әсерінен ғана туындайтын құбылыс екенін атап өткен жөн", – Байбазаров.

Вице-премьер теңге бағамына әсер ететін негізгі үш факторды атады.

Бірінші фактор – соңғы айларда доллар индексінің жаһандық деңгейде нығаюы;
Екінші фактор, мұнайдың әлемдік бағасының аздап төмендеуімен байланысты;
Соңғы, маңызды фактор – ресей рублінің әлсіреуі.
"Ресей біздің негізгі сауда серіктесіміз екенін ескерсек, рубль бағамының ауытқуы теңге бағамына әсер етуі мүмкін. Осындай жағдайда азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайы мен әл-ауқатының нашарлауына жол бермеу және кәсіпкерлерге кері әсер етуді азайту үкіметтің басты міндеті саналады. Экономика мен халық үшін ықтимал теріс салдарды тұрақтандыру және барынша азайту үшін барлық қажетті шаралар қабылданады”, – деді премьер-министрдің орынбасары.

Оның айтуынша, Қазақстан үкіметінің "бұл үшін ресурстары мен құралдары жеткілікті".

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов қазақстандықтарға доллар сатып алмауға кеңес берген еді.
02 желтоқсан 2024 ж. 89 0

Қара шаңның қасіреті

17 қаңтар 2025 ж. 52

Есірткі туралы ертегі

17 қаңтар 2025 ж. 55

Сиқырлы гүлдің арбауы

16 қаңтар 2025 ж. 99

Есірткі туралы ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 115

Адалдық

16 қаңтар 2025 ж. 100

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031