Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркістанға көшу басталды

Түркістанға көшу басталды

Бүгінде Шымкент-Түркістан арасындағы көлік қатынасы жиілеген. Оның басты бір себебі - облыс орталығына қарай мемлекеттік мекемелер көші басталды. Түркістан облысы бойынша Шымкент қаласында орналасқан 30 аумақтық мемлекеттік орган бар болса, келесі айдың ішінде олардың барлығы осында Түркістан қаласына көшпек. Ал әкімдікке қарасты облыстық 24 басқарма да келесі айда толығымен көшіп, жаңа облыс орталығында өз жұмыстарын бастайтын болады.
Алғашқылардың бірі болып Мемлекеттік кірістер департаменті көшті бастап, Түркістан қаласында Қаржы министрлігіне қарасты аумақтық органның өкілдігін ашты. Ашылу салтанатында Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Б.Тортаев министрліктің облыстық органдарының өкілділігің жаңа облыс орталығында ашудың негізгі мақсаты — мемлекеттік органдарды ғимараттармен қамтамасыз ету, орналастыру және көшіп келетін қызметкерлерге әлеуметтік жағдай жасауды үйлестіру жұмыстарын жүргізу екендігін атап өтті.
Айта кетелік, Түркістан қаласына көшіп баратын мемлекеттік қызметкердің еңбек ақысына 20 пайыз қосылып, жұмыс кезеңі үшін төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы күнтізбелік 30 күнге қосымша экологиялық күнтізбелік 7 күн мерзімінде сауықтыру демалысы берілетін болады. Сондай-ақ, облыс әкімі Ж.Түймебаев облыс орталығының Түркістан қаласына көшірілуіне байланысты облыс әкімі аппараты мен басқармалардың қызметкерлерімен кездесуінде еңбек демалысын берумен бірге жыл сайын сауықтыруға арналған төлемдердің үстіне бір айлық көрсеткіш көлемінде материалдық көмек берілетінін мәлім етті. Осылайша мемқызметкер еңбек демалысы кезінде жалпы 3 материалдық айлық ақы алатын болады. Бұдан бөлек, облыс әкімі көшіп баратын қызметкерлерге жалдамалы уақытша тұратын Түркістан, Кентау қалаларынан пәтерлер мен қонақ үйлердің, жатақханалардың тізбесі анықталып, жұмыстардың жалғасып жатқандығын айтты. «Бұл үйлерді жалдап тұруда республикалық бюджеттен әр қызметкерге ай сайын 81 600 теңгеден жәрдемақы беріледі. Сондай-ақ, келісім шарт негізде жұмыс істейтін барлық қызметкерлер де жатақханалармен қамтылатын болады. Және Елбасының халыққа үндеуінің бірінші бағыты «7-20-25» бағдарламасы аясында осы жылы Түркістан қаласында жеке салушылар есебінен 6 көпқабатты тұрғын үй, яғни, 15,6 мың шаршы метр болатын 288 пәтердің құрылысы басталған. 2019 жылы құрылысы бітіп, пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз, сондықтан да жас мемлекеттік қызметкерлерді осы бағдарламаға қатысуға шақырамын»,- деді Ж.Түймебаев.
Өңір басшысының айтуынша, алдағы 1,5 жыл ішінде барлық қызметкерлер қызметтік пәтерлермен қамтамасыз етіледі, ал еңбек өтілі 10 жылдан жоғары, меншігінде пәтер тіркелмеген жағдайда, тиісті Ережеге сәйкес қызметкерлерге қалдық соммасымен қызметтік пәтерлерді жеке меншікке беру мәселесі арнайы комиссияда қарастырылатын болады. Келесі жылы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесіне пилоттық режим енгізілмек. Яғни жұмыс сапасы мен нәтижесіне қарай қызметкерлердің айлық жалақысы 1,5 мен 2,5 есеге дейін көтеріледі.
Еркін ДОСЫМБАЙ,
26 шілде 2018 ж. 2 522 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930