Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Уақыт талабынан табылғандар

Уақыт талабынан табылғандар

Ұлт саулығы – мемлекет байлығы. Ел дамуына жеткізетін маңызды міндеттің бірі – тұрғындардың ауруларын анықтап, олардың алдын алып, физикалық, психикалық және әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту. Халықтың денсаулығы санитарлық-статистикалық кешенді көрсеткіштері, адамның дұрыс дамуы секілді факторлар арқылы анықталатын негізгі әлеуметтік-экономикалық потенциал. Бұл бағытта нәтижелі жұмысымен көрініп келе жатқан емдеу мекемесі – Қазалы теміржол ауруханасы.

Статистика не дейді?
Қазалылықтармен бірге жақын аудан азаматтарының денсаулығы мен салауаттылығын қорғауда нарықтық кезеңге бейімделіп, мемлекеттік, салалық заңнамалар мен бағдарламалар аясында қызмет көрсететін мекеме аты алысқа жеткен.
Жанына дауа іздеп келген жандарға дәрігерлік-санитарлық, дәрігерлік-әлеуметтік, дәрі-дәрмектік қызметін ұсынып, денсаулығына түрлі жағдайда нұқсан келген науқастардың әлеуметтік қорғалуын қамтып, кепілдендірілген жәрдем шеңберінде жұмыс істеу жолға қойылған.
2024 жылдың осы уақытына дейін теміржол емханасында 111615 дәрігерлік қабылдау жүргізілсе, олардың 40,4 проценті өз денсаулықтарына шағымданса, 59,6 проценті алдын ала тексеру бойынша қаралған. 21124 тұрғынның үйіне барып қызмет көрсетілген.
Белігілі бір жастағы сау адамдарды алдын-ала медициналық тексерістен өткізіп, қауіп факторлары мен ауруларын ерте сатысында анықтауға мүмкіндік беретін тексеріс түрі қазақстандықтарға түгел таныс. Осындай скринингтік тексерулерге шақырылғандардың 74,5 проценті мүмкіндікті пайдаланған.
Қазалы теміржол ауруханасына жыл ішінде түскен 4000-нан аса науқас жағдайының жақсаруына сала қызметкерлері күш жұмылдырған. Мамандар күрделі, заманауи оталар да жасаған. Ауруханада жалпы 218 хирургиялық, 26 лапароскопиялық ота жасалса, 15 мамырдан бастап облыс бойынша ауруханада алғаш рет көзге «Катарактаны» қалпына келтіру операциясы қолға алынған. Осынша аз уақытта олар жүзге жуық ота жасап, жанарлардың жақсаруына атсалысқан.
Ел болашағының күретамыры, жарқын жалғасы – ана мен баланың саулығын қамтамасыз ету. Жыл басынан берi дүние есігін ашқан 500-ге жуық бала мен ананың жағдайы да назардан түспеген.

Кадрлар әлеуеті – көрсеткіш кепілі
Жарты ғасыр өмірін «бірінші байлық бағдаршылысы» болуға арнаған ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, ұтқыр ұйымдастырушы, тәжірибесі көпке таратылған Құбыл Ршымбетов басқаратын орында кадрлар әлеуеті көрсеткіш кепіліне баланып, олардың еңбектене жүріп, білімін жетілдіруіне жан-жақты мүмкіндік қарастырылған.
«Қазалы теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 428 адам қызмет атқарады.
Әдетте ақ халатты абзал жандарды «адам жанының арашашысы» деп жатады. Адам тағдыры үшін арпалыста олардың біліктілігі, білімділігі, жедел шешім қабылдай алуы, дұрыс бағыттауы маңызды.
Жоғары санатты мамандар қатарында аурухана директоры Қ.Ршымбетов, дәрігер рентгенолог Е.Дәрібай, ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің меңгерушісі Ш.Байбазарова, аға мейіргер Х.Мұсаева, кардиолог мейіргер Р.Есмырзаева, бакалавр біліктілік дипломы бар емхана бөлімінің аға мейіргері А.Байсалбаева, патранаж аға мейіргері Г.Айымбетова, портал мейіргері А.Сағидуллаеваның қажырлы қызметтегі еңбегі ел аузында.
Соңғы екі жылдағы мағлұматтарға зер салдық.
Емдеу мекемесі 2024 жылы Алматы қаласында өткен «Денсаулық Сақтау» Қазақстандық Халықаралық көрмесіне қатысуға шақырту алған.
Өткен жылы сәулелік диагностика дәрігері Ш.Қуантаев, терапевт дәрігер А.Ашықбаева, инфекционист дәрігер П.Сейдахметов резидентураны бітіріп, жұмысқа қосылған. Олардың қатарын осы жылы сәулелік диагностика дәрігері Ф.Кемали, ­гастроэнтеролог дәрігер А.Балдақова, травматолог дәрігер Ы.Әскербеков толықтырған.
Жас мамандарға да мүмкіндік мол. Еңбек жолын енді бастаған жалпы тәжірибелі дәрігер С.Мұратбеков, Ж.Қалмаш, А.Ршымбет, М.Жалғасбек, А.Әкімдердің мамандануы қамтылған.
Дәрігерлер Н.Балдақов ЭЭГ, С.Ахмет нейрохирургия, Е.Жасанов ангиохирургия, А.Қанатов реабилитация, сәулелік диагностика, Р.Қорғанбекқызы дәстүрлі терапия маманы сертификатын алып, тәжірибе жинақтаған.
2024 жылы аурухана директоры Қ.Ршымбетов «Ерен еңбегі үшін», «Елеулі еңбегі үшін» медалімен, «Құрметті дәрігері» төсбелгісімен марапатталған. Бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары А.Дәрібай ҚР Денсаулық сақтау министрінің «Еңбек ардагері» медалін, бас дәрігер А.Құлмағамбетова, дәрігерлер Б.Жадырасын, дәрігер радиолог Ш.Қуантаев, бас мейіргер У.Жұмабаева «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісін алған.

Заманауи аппараттар қолжетімділікті арттырады
Қазалы теміржол ауруханасында жыл ­сайын мамандар біліктілігін арттырып қана қоймай, жаңа талаптарға лайық, озық тәжірибеден өткен қондырғы, құрылғылармен жабдықтау ісі жолға қойылған.
Соңғы екі жылда қолданысқа қосылған аппарататтар уақытты үнемдеп, науқасты жедел әрі нақты анықтауға мүмкіндік берген.
Олар: «XU1Smart» маркалы лор комбайны, «МЕК-1305» автоматты гематологиялық анализатор, «VG70 BeiJing Aeonmed Cj Ltd» өкпені жасанды желдету құрылғысы «FibroScan 530 Compacr» бауыр фиброзының дәрежесін анықтауға арналған аппараттар.
Ауруханаға алынған сутегі асқын тотығының төмен температуралы плазмалық стерилизаторы мен медициналық құралдарды ауамен кептіру компрессоры туралы да айтпауға болмайды.
Өткен жылы пайдалануға берілген үш өлшемді оптикалық когерентті томографияға арналған құрал, операциялық микроскоп ОМ-9 жиынтығы, «OA-2000» моделді оптикалық биометр, «TOMEY GmbH», «Centurion Vision System» офтальмологиялық хирургиялық жүйе аппараттары облыстағы бірегей құрал-жабдықтар.
2023 жылдың бастап бірінші квалификациялық санаты бар дәрігер офтальмолог Б.Жадырасын офтальмологиялық ота жасау жұмысын бастаған.
«Бұрын көздің көруін Орынбор, Алматы, Астанадағы дәрігерлер қалпына келтіре алады деп еститінбіз. Алдымен аздап ауыра бастаған көзім соңғы уақытта жаныма батып, қатты қиналдырды. Балаларым үлкен қалаларға апармақ болған. Кейбір анализдерді жергілікті жерден тапсырып кетейік деп, дәрігерге жолықсақ, осында ота жасауға болатынын айтты», – дейді Фатима Нұрхамидқызы.
Көз адамның күрделі ағзасы. Оған кез келген дәрігер тәуекел етіп, ота жасай алмасы белгілі. ­Алпысты алқымдаған емделуші алғашында дәрігерлерге күмән келтіргенін, бұл ойына жақындары да қосылғанын жасырмады. Алайда аз уақытта жасалған ота нәтижелілігін көрсетіп, жағдайы жақсарғанына қуанышты.
«Барлық емдеуші құрамға аналық алғыстан басқа айтарым жоқ. Бәрі кәсіби, жауапты мамандар. Денсаулықтарыңды күтіңдер. Бізде де жақсы дәрігерлер бар. Осыны басқалар да білсе деймін», – деген алғаусыз пікірімен бөлісті.
«Logig P» ультрадыбыстық диагностикалық медициналық жүйе қосылғалы бері, облыс орталығына сабылатын жандар саябырсыған.
Сондай-ақ қызметтік және жедел жәрдем автокөліктері алынған.
Жыл басында ауруханаға ЭЭГ, ВП және ЭМГ Нейрон-Спектр-4 зерттеу үшін көпфункционалды компьютерлік кешеніне қол жеткізіліп, 49 диагностиика жасалуға мүмкіндік туған. Германиялық объективті аудиологиялық скрининг және диагностика есту функциясына арналған, «New Oriental 1000nc» медициналық рентген, флюорографиялық радиографиялық құрылғысы, «NeuViz 128» көп тілімді компьютерлік томография аппараты, қанның стерильдігін және антибиотикке сезімталдылығын анықтау мақсатында жаңа бактериологиялық әScan-10 және D2 miniә анализаторы алынған.
Ангиография бөлмелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ағымдағы жылдың қыркүйек айында ангиографияның қызметін жүргізуге лицензияға қол жеткізген.
Медициналық әлеуметтік сақтандыру қоры қызметін пайдаланушылар қатары жыл санап артып келе жатқанын білдік.
Арал ауданынан келген емделуші Әбілхан Әли денсаулығына дегдар болған орын қызметі жақсы ұйымдастырылғанымен бөлісті. Күрделі жөндеуден өткен ғимарат бөлмелеріндегі тап-таза төсек-орындар, мейірімді дәрігерлер мен мейіркештер, кіші буын қызметкерлерінің ісіне разы болған ол: «Адам үшін дәрігердің сөз маңызды» дегенді еститінмін. Соған осы жолы көзім жетті. Ризашылықтан басқа айтарым жоқ», – дейді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұлт саулығы жақсарғанда ғана, қоғам орнықты дамитыны туалы шегендеп айтқан болатын. Президент пәрмен берген медициналық инфрақұрылымды жақсарту, тұрғындар сұранысын қанағаттандыруда сапалы медициналық қызмет көрсетуді арттыруға атсалысып келе жатқан ұжымның ұстанымы – нық, бағыты айқын.

Алтын ҚОСБАРМАҚОВА

16 қараша 2024 ж. 99 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930