Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Алтын алма» баптаушы

«Алтын алма» баптаушы

Жанқожа батыр ауылына жол түскен сәт еді. Батырдың 250 жылдық мерейтойына арналған дүбірлі тойдың бірі осында өтті. Көрмеге қойылған әдемі дүниелерді тамашалап жүріп, көзіміз бір жеміске түсті. Сары реңкті, үлкен-үлкен көлемді ерекше жемістер себетке толып тұр екен. Қызықтай кетіп жанына бардық. Не жеміс екенін сұрағанымызда оны көрмеге әкелген Жанар Еришова ерекше жемістің атауы «айва» екенін айтты.

Әңгіме одан әрі өрби түсіп, бірінен соң бір сұрақты қоя бастадық. Жанар Еришова №194 орта мектепте тәлімгер болып жұмыс істейді екен. Батыр рухына арналған мерекеге арналған көрменің сәнін келтіру үшін осы жемісті әкеліпті. Көпшілік біле бермейтін жеміс. Айналасында қызықтап қарап тұрған адамның қарасы қалың болды.
– Айва жемісін жолдасым Әділбек Бегеналиев әкеліп еккен болатын. Айба жемісі күтіп баптауды қажет ететін жемістердің бірі. Уақытылы суарып, қараудамыз. Биыл бірінші рет жеміс берді. Жемісі өте қатты болып келеді. Күн суытқанға дейін тұра береді. Яки кеш піседі. Денсаулыққа пайдалы, түрлі ауруларға ем. Иісі ерекше хош береді. Ежелгі заманнан бері айва ерекше дәрілік өсімдік болып саналған. Ал жемісінің қайнатпасын асқазан мен ішек ауруларын емдеу үшін пайдаланған. Айвадағы тұтқыр заттар диарея мен құсуға көмектеседі. Асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығының қабынуы кезінде пектин тіндерді орап, олардың жазылуын тездетеді. Сонымен қатар хош иісті күзгі жемісте көптеген дәрумендер бар. Жөтелмен күресуге де көмектеседі екен. Үйде атам бар. Сол кісі күтіп баптап өсіруде. Ал екінші анам биолог болғандықтан шығар, үй жақта жемістің барлық түрі бар. Алма, өрік, слива, шие, жүзім, алмұрт, жаңғақ, помидор, қияр, болгарский, қауын, қарбыз, жалбыз, баклажан бәрі өседі. Бұйырса айвадан тосап жасап көремін. Егер жақсы болып әзірленсе, сатылымға шығарамын, – дейді ол.
Иә, «Алтын алма» атауымен Афродита кезеңінен кеңінен танылған жемістің қазіргі күні де орны бөлек. Алма, алмұрт жемістерінің тұқымдасына жататын айваның өзіндік ерекшеліктері молынан кезігеді. Оны шикілей жеуге болмайды. Дәрігерлердің айтуынша, асқазан, ішек жолдарына өзіндік кері ықпалын тигізеді. Дүкен сөрелерінде көздің жауын алатын «айва» жемісінен жасалған, желе, мармелад, тосап күйінде даярланған тағамдар ауызда ери түседі. Тосап күйінде бұл жеміс көптің көңілінен шығады екен. Өйткені жұмсақ күйінде әлдеқайда дәмдірек көрінеді. Ежелгі аңыздарға назар аударар болсақ, айва Португал елдерінде «marmelo» деп аталып, мармелад күйінде шығуға ықпал еткен деседі. Қазіргі таңда айва жемісін қырықтан аса ел өсіреді екен.
Айваны тосап түрінде де қуырылған тағам түрінде де қолдануға болады. Әсіресе одан тосап даярлау оңай. Айва жемістерін бөліктерге бөліп, ортаңғы өзегін алып тастап, мөлшеріне қарай қант қосып, жеміс жұмсақ қалыпқа енгенше көбігін алып суыған соң тосап ретінде қолдана береміз. Тосап ретінде тағы да асқабақ пен айваны араластырып жасауға да болады.
– Айва – жемісі өзіндік ерекше реңкке ие. Сіз айвадан жасалған тағамды не тосапты жей, іше отырып, жүйке жүйеңізде орын алған келеңсіз жағдайлардан ада боласыз. «Ұзақ жасаушы» жеміс болғандықтан, сіздің де өміріңіздің жақсаруына өз ықпалын тигізетінін ескергейсіз. Сыры мен қыры мол жемісті татып көруге асығыңыздар, – дейді Жанар Еришова.

Айнұр ӘЛИ
(сурет автордікі)
05 қараша 2024 ж. 67 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031