Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның «электронды үкіметін» Африка елдері көшіріп алып жатыр

Қазақстанның «электронды үкіметін» Африка елдері көшіріп алып жатыр

Фото: Астана қаласының әкімдігі
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Сенаттың жалпы отырысында Қазақстанның GovTech технологиясындағы жетістіктерін атады.
«GovTech технологиясындағы цифрлық өнімдеріміз халықаралық деңгейге шығып жатыр. 2023–2024 жылдары экспорт көлемі 1,36 млрд теңге болды. Қазақстанның «электрондық үкімет» саласындағы озық шешімдерін Тәжікстан, Того және Сьерра-Леоне сияқты елдер пайдалана бастады», - деді Жаслан Мәдиев.
Министр Қазақстанда сәтті іске асқан «электродық үкімет» жобасы өзге елдерге енгізілгенін атап өтті.
«Біз экспорттайтын негізгі компонеттерге Smart Data Ukimet, Smart Bridge және GOV.KZ құралдары кіреді. Осылайша, Қазақстан цифрландыру саласындағы бәсекеге қабілетті екенін растап, GovTech шешімдеріне жаңа нарық ашып отыр», - деді ведомство басшысы.
Осыған дейін Қазақстанның IT-қызметтер экспорты қарқынды өсіп келе жатқаны туралы хабарладық. 2023 жылы экспорт көлемі 529 миллион долларға жетсе, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 306 миллион доллар болды.
31 қазан 2024 ж. 261 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031