Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда онлайн-казинолардың қара тізімі жаңартылды

Қазақстанда онлайн-казинолардың қара тізімі жаңартылды

Фото: pexels
ҚР Туризм және спорт министрлігі бүгін, 2024 жылғы 28 қазанда жаңа мәлімдеме жасады. Ведомство ойын бизнесімен айналысуға лицензиясы жоқ ресурстар тізімінің жаңартылғанын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Telegram арнасының хабарлауынша, тізімде онлайн-казино белгілері бар 1820 бірегей мекенжай бар.

Бұл тізім Комитеттің жүйелі ақпарат жинап, интернет-казино мен заңсыз букмекерлік қызметтердің жұмысын анықтағаны нәтижесінде жасалды.

Сонымен қатар тізім Telegram және WhatsApp мессенджерлерінен толықтырылып отырады. Заңсыз ойын бизнесінің таралуына бей-жай қарамайтын азаматтар күдікті сайттар мен әлеуметтік желілердегі парақшалардың сілтемелерін жібереді.

Тізімге Vavada, Sultan Games, Pin Up, Play Fortuna, Riobet, Casino-X секілді танымал платформалар да енгізілген.

Анықталған ақпарат "Кибернадзор" ақпараттық жүйесіне енгізіліп, Қазақстан Республикасының аумағында олардың қызметін шектеу үшін заң тұрғысынан бағалау жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, мұндай ресурстарды анықтаумен ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес 2024 жылғы 4 қыркүйекте құрылған ҚР Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті айналысады.
28 қазан 2024 ж. 216 0

Қиясы биік қаламгер

19 қыркүйек 2025 ж. 148

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930