Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауғанстанда енді әйелдер бір-бірімен де тілдесе алмайды

Ауғанстанда енді әйелдер бір-бірімен де тілдесе алмайды

Талибан тағы да әйелдердің құқығын шектейтін кезекті заңын шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bild сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Талибан тағы да "ізгілікті насихаттап, жамандықты жоюға" бағытталған бірқатар заң қабылдады. Бұл кодекске сәйкес, әйелдің дауысы күнә болып саналады. Осыған дейін әйелдерге көпшілік алдында дауыс шығарып, сөйлеуге болмайтын еді. Енді әйелдің басқа әйелмен тілдесуі де күнәға жатады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл заңды айыптап, оның қабылдануына алаңдаушылық білдірді.

2021 жылдың тамызында Ауғанстанда тәліптер билікке келгеннен бері елдегі әйелдерге білім алуға, ер адамсыз көшеде жүруіне, әсіресе ер адамдармен сөйлесуге тыйым салынған.

Оларға саябақтарға баруға, суға түсуге немесе спортпен айналысуға тыйым салынады. Сұлулық салондары жабылды. Әйелдерге арналған баспаналар жабылып, "Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық туралы" заңның күші жойылды.

Еске салсақ, бұған дейін Ауғанстанда әйелдерге көшеде сөйлеуге, дауыс шығаруға тыйым салынғаны айтылды.
28 қазан 2024 ж. 309 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31