Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кабул басшысы әйелдердің жұмыс істеуіне тыйым салды

Кабул басшысы әйелдердің жұмыс істеуіне тыйым салды

Ауғанстан астанасына жақында басшылыққа тағайындалған Хамдулла Номани түрлі салада еңбек етіп жүрген әйелдерге жұмысқа шықпауды бұйырды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
РИА новости агенттігінің жазуынша қала мэрі Кабулдағы 3 мыңға жуық муниципалды жұмысшының үштен бір бөлігі әйелдер екенін атап өтті. Ол сондай-ақ кейбір жұмыс орындарындағы әйелдер өз жұмысын жалғастыра алатын айтты.
"Мысалы, ерлер кіруге тыйым салынған қалалық әйелдер дәретханасы сияқты орындарда жұмыс істейтін әйелдерге қатысты", — деп түсіндірді мэр.
Номани 1990 жылдары Талибанның бұрынғы билігі кезінде де Кабул қаласының мэрі болған. Ол сол кезден бастап БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі санкция салған адамдардың тізіміне енгізілген.
1990 жылдары Талибан елде билікті алғаш қолға алған кезде әйелдерге оқуға және жұмыс істеуге тыйым салған болатын. Елдің көп азаматы билікке қайта келген тәліптер дәл осындай тәртіпті қайта орнатпақшы деп қорқады. Дегенмен, қозғалыс өкілдері әлемдік қоғамдастық алдында бұрынғы кейбір саясаттары өзгеретінін айтып сендіреді.
Айта кетейік, жақында жаңа үкімет елдегі Әйелдер істері министрлігін таратты. Осыған байланысты таратылған министрлік ғимаратының алдында кіші наразылық акциясы өтті. Оған елдегі мыңға тарта әйелдер қатысты. Әйелдердің тағы бір тобы баспасөз мәслихатын өткізіп, елде өз құқықтарының сақталуын талап етті.
"Талибан" қозғалысы — Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған лаңкестік ұйым.
20 қыркүйек 2021 ж. 391 0

Мектептегі мұражай

30 сәуір 2024 ж. 183

Туған өңір - тұнған өнер

29 сәуір 2024 ж. 125

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031