Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамандар БҚО-да ақбөкеннің неден қырылып жатқанын анықтай алмады

Мамандар БҚО-да ақбөкеннің неден қырылып жатқанын анықтай алмады

фото: news.myseldon.com
БҚО-да желіде тараған ақбөкендердің өлексесі тұрғындарды шошытты. Жануарлар елді мекендерге жақын жерде жүретіндіктен халық олардың өлекселерінен инфекция, ауру тарай ма деп қорқатындарын жеткізді, деп хабарлайды Halyq Uni КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Өңір тұрғындары бұрын қауіпті инфекциядан мыңдаған ақбөкеннің өлгенін ескеріп, алаңдаушылық танытып жатыр. Алайда мамандар бұл аймақта ақбөкендердің көп мөлшерде қырылмағанын жеткізді. Айтуларынша, олардың ішінде тірілері де бар. Көп ақбөкен жерде жатып қалған. Денелерінде құрысулар болып, қатты демалып, тұра алмай жатқан көрінеді.

Мамандар сол жерге барып, әзірге тек 7 өлексе тапқан. Алайда олардың неден өлгенін анықтау мүмкін болмапты. Бірақ инспекторлар алаңдауға негіз жоқ екеніне сендірді.

Ақбөкендердің ұшалары өзара іс-қимыл схемасына сәйкес, мал қорымында кәдеге жаратылды. Алайда қыркүйек айында ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталықтың мамандары адамдар мен жануарларға аса қауіпті түрлі ауруларды зерттеу үшін ақбөкендердің ұшасынан сынама алды. Осы сынамалардың нәтижелері бойынша ешқандай инфекция табылмады. Яғни ешқандай ауру, соның ішінде пастереллез анықталған жоқ, – деді БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі облыстық аумақтық инспекциясының бас маманы Арман Ізімғалиев.

20 қазан 2024 ж. 107 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031