Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде банктер алаяқтар рәсімдеген несиелерді өтеуге міндеттелмек

Елімізде банктер алаяқтар рәсімдеген несиелерді өтеуге міндеттелмек

 Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова елде алаяқтар рәсімдеген несиелерді өтеуге банктерді міндеттеу көзделгенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәжіліс отырысында агенттік төрағасы алаяқтар рәсімдеген несиелерді өтеу мүмкіндігі қарастырылып жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар 2024 жылдың басында Қазақстанда несие алудан өз еркімен бас тартуға жол ашатын заң қабылданғанын еске салды.
“Бұдан бөлек егер несие қарыз төлеушінің тікелей қатысуынсыз рәсімделсе, қарызды жою мүмкіндігі қарастырылған. Сәйкесінше қандай да бір жолмен азаматтың жеке деректері алаяқтардың қолына түсіп, несие алуға өзі қатыспаған жағдайда қарыз жойылады”, – деді Әбілқасымова.
Қаржы нарығын реттеу агенттігінің төрағасы азаматтардың құқығын қорғау үшін алаяқтар рәсімдеген несиені кешіру негіздері мен критерийлерін кеңейту мәселесі әлі де қаралатынын айтып өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова Қазақстан нарығына қай шетелдік банктердің келуі мүмкін екенін айтқан еді. 
Фото: Shutterstock
16 қазан 2024 ж. 327 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930