Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кредиттік амнистияға іліккен қазақстандықтар қайтадан қарызға батқан

Кредиттік амнистияға іліккен қазақстандықтар қайтадан қарызға батқан

Фото: banki.ru
2019 жылы кредиттік амнистияға іліккен азаматтар қайтадан қарызға батып жатыр. Бұл деректі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әбілқасымова 2019 жылы кредиттік амнистияға қатысқандарға қатысты ахуалға сараптама жасалғанын айтты.
“Өкінішке қарай, олар қайтадан қарызға батып отыр. Тіпті олардың кейбірінде проблемалы кредит те бар. Сондықтан да бұл ең алдымен азаматтардың төлем қабілетін дұрыс бағалау мәселесіне қатысты", – деді Мәдина Әбілқасымова мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілші сауалына жауап беріп.

Сонымен қатар агенттік төрағасы алдағы уақытта қаржы ұйымдарына қарыз болған азаматтарға тағы да кредиттік амнистия берілмейтінін баса айтты. Қазақстанда 2019 жылы мұндай іс-шара қолданылды. Халықтың аз қамтылған санаттарының қарыздары кешіріліп, 500 мыңнан астам азаматтың шамамен 115 млрд теңге қарызы есептен шығарылды. Сонымен қатар 1,2 млн азаматтың шамамен 33,6 млрд теңге сомасындағы айыппұлдары мен өсімпұлы өтелді.

Бұған дейін кейбір қазақстандықтарға кредит беруге тыйым салынатынын жазған едік.
06 наурыз 2024 ж. 212 0

Табысты тағамнан тапты

01 қараша 2025 ж. 149

Кәсіптің көзі – күріште

01 қараша 2025 ж. 163

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930