Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бұдан былай елімізде несие кешірілмейді

Бұдан былай елімізде несие кешірілмейді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова бұдан былай қазақстандықтардың несиесі кешірілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды baq.kz
Оның айтуынша, 2019 жылы кредит кешірілгеннен соң қаржы секторындағы несие қайтадан өскен.
Оның ішінде, проблемалық несиелер саны да артты. Егер мемлекет қайта-қайта қаржы бөліп, қарызды кешіре берсек, несиелер тағы да көбейе береді, - деп түсіндірді агенттік басшысы Мәжілістің кулуарында журналистерге берген сұхбатында.
Сонымен қатар ол не себепті коллекторлық агенттіктерге жауапкершілік күшейтілетініне тоқталы.
Олар заңға сәйкес проблемалық берешекті реттеудің міндетті рәсімін жасауы қажет болады. Қарыз алушы жүгінсе, ол осындай рәсімді өткізуге міндетті. Биылдан бастап осы рәсімді жүйелі түрде қолдану үшін Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық банк пен микроқаржы, коллекторлық ұйымдар өз жобаларын жасады. Проблемалық несиелермен жұмыс істеудің жеке жоспарын әзірледі. Жоспарға сәйкес, алдағы уақытта 1 млн 449 мың адамды қамту жоспарда бар. Оның ішінде, банктердің несиені қайта құрылымдауы, қарызды ішінара немесе толық есептеу шығару шаралары қамтылады. Мәселен, төлеуге шамасы жоқтардың немесе қарыздың сомасы үлкен болмаса, бірнеше жылдан бері проблемалық несиесі болса, банктер өз есебінен оны ішінара немесе толық жабады, - деді Мәдина Әбілқасымова.
20 қазан 2023 ж. 219 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031