Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Рухани астанаға сапар

Рухани астанаға сапар

Қартын қазынасына балаған қазақ халқы қашанда ақсақалы мен ақжаулықты әжесін құрметтеген. Бұл көрегенді, кейінгі ұрпаққа үлгі болар іс бүгінде қадір-қасиетін жоғалтпаған. Жуырда Қазалы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен халық батыры әрі әулие, батыр бабамыз Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 250 жылдығы аясында ауданның әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени ­дамуына еңбек сіңірген аға буын өкілдері – ардагерлер қауымы түркі халықтарының рухани астанасы – Түркістан қаласына туристік саяхатқа аттанды.

Саяхатқа аттанған ардагерлер қатарында ауданға қарасты кент, қала және барлық ауылдық округтегі еңбек ардагерлері, көпбалалы зейнеткер аналар, білім, мәдениет салаларының ардагерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері бар.
Аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Жәнібек Әлиев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов шығарып салу рәсіміне қатысып, ауданымыздың ілгері дамуына өлшеусіз үлес қосқан аға буын өкілдеріне алғысын білдірді. Сондай-ақ оларға сәтті сапар мен жақсы демалыс тіледі.
– Бүгін батыр бабамыз Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 250 жылдығы аясында ауданның әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуына еңбек сіңірген аудан ардагерлері сапарға аттанып барады. Ақ жол тілейміз. Қартын қадірлеп, осындай керемет деңгейдегі сапарды, демалысты ұйымдастырып жатқан аудан әкімдігіне шексіз алғысымызды білдіреміз. Қашанда ақсақалын алдына салып, ақ батасын алған ел озады. Сол үшін тағы да рақмет, сапарларыңыз сәтті өтсін, – дейді Қазалы аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Оразғали Бекпанов.
Қазалыдан Түркістанға жеткен ардагерлер сапар барысында Қожа Ахмет ­Яссауи кесенесіне зиярат етіп, «Ұлы дала елі» орталығы мен «Керуен сарай» демалыс аймағын аралады.
Ардагерлер рухани астананың жаңарып, зәулім ғимараттардың бой көтеріп, өзгергенін және ерекше әсерге бөленгендерін жеткізіп, түрленген Түркістан сапарын ұйымдастырған аудан басшылығына алғыстарын жаудырды.
Қазақта «Ұлық болсаң, кішік бол» деген мақал бар. «Елге еңбек еткен жақсы, еңбекті елеген ел жақсы» демекші ардагерлер осы іске ұйытқы болған ел азаматтарына осындай үлкенге көрсеткен сый-құрметі үшін шексіз ризашылығын білдіріп, ақ батасын беріп, абырой тілеуде.
Айта кету керек, бұл қазалылық ардагерлердің Түркістан қаласына алғашқы сапары емес. Бұған дейін де жергілікті әкімдік аудан өміріне өлшеусіз үлес қосқан қарттарға осы секілді құрмет көрсетіп келеді.
«Қариясы бар үйдің – қазынасы бар» дегендей, қарттарын ардақтай білген елдің ғана рухы үстем болмақ. Сондықтан да бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, қазыналы қарттардың қуанышты жүздерін көретін күннің көп болатынына кәміл сенеміз.

Серік АҚМЫРЗА
12 қазан 2024 ж. 216 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 140

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 133

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 121

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 119

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 125

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031