Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ескірген газ баллондары кімнің есебінен жаңартылады

Ескірген газ баллондары кімнің есебінен жаңартылады

Фото: instagram.com/kaztransgaz_aimak_nur

KAZINFORM – Ескірген газ баллондарын жаңартуға «Жасыл даму» қорының қаражаты жұмсалуы мүмкін.

Мәжілістегі газбен жабдықтау және тауарлық газды үнемді тұтыну мәселелеріне арналған заң жобасының таныстырылымында қолданыстағы 350 мың газ баллоны жаңасына ауыстырылатыны айтылды.
Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің Атом энергетикасы объектілерін және қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалануды мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының басшысы Азат Тағаев Kazinform тілшісіне берген сұхбатында аталмыш процесс халықтың қалтасына салмақ салмайды деп сендірді. Ведомство ол үшін «Жасыл даму қорынан шамамен 11,9 млрд теңге сұрап отыр.
«Үкіметтен алдын ала мақұлдау бар. Қазір сол тапсырма аясында есептер жүргізіп жатырмыз. «Kazinjenering» компаниясының ақпараты бойынша бір баллон өндіру құны 34-38 мың теңге болады. Жобалап айтсақ, қолданыста 350 мың газ баллоны бар. Оны біз бес жылға бөліп, әр жыл сайын 70 мың баллонды жаңасына айырбастап отырамыз. Үкімет осыған қаражат бөлсе, тұрғындарға жаңа баллондарды бастапқы кезеңде тегін таратамыз. Әрі қарай қандай механизм болатынын көре жатамыз. Келешекте де тегін жаңартыла ма, ол белгісіз», - деді ол.
Айтуынша, газ баллондарын жаңартуға екі компания тапсырыс алуы мүмкін.
«Қазір екі компания бар. Біреуі жылына 10-15 мың баллон шығара алады. Екіншісі жылына 60 мың баллон өндіре алады. Жылына 70 мың деп отырғанымыз содан. Энергетика министрлігінің жұмыс тобы бұл есептерді зерттеп жатыр. Қысқартып айтқанда, газ баллондарын жаңарту жұмысы халықтың қалтасына әсер етпеуі керек. Тек ол үшін Үкімет ақша беруі қажет. Қазір «Жасыл даму» қорынан сұратып отырмыз. Үкімет мақұлдаса, халықтың қалтасына салмақ түспейді», - деді Азат Тағаев.
09 қазан 2024 ж. 83 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031