Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жедел кері байланыс арқылы қызмет ұсыну

Жедел кері байланыс арқылы қызмет ұсыну

Агенттік Төрағасының тапсырмасына сәйкес халықтың мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдары мен ұсыныстарына жедел назар аудару мақсатында «Электронды үкімет» веб-порталы мәселелері бойынша Telegramm мобильді қосымшасындағы «EgovKzBot2.0» бот платформасы арқылы «Уәкілетті органға өтініш» білдіру батырмасы іске қосылды.

Аталған платформада қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне шағым, олардың сапасын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бағытында ұсыныстарын білдіру тетіктері қарастырылған.

Осы ретте, уәкілетті органға қандайда бір шағымыңыз болса, мемлекеттік қызмет алуыңыз бойынша толық ақпаратты көрсетіп, шағымдана аласыз.

Бүгінгі таңда, Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментімен аталған телеграмм бот арқылы азаматтарға тиісті түсіндірмелер берілуде.

Аталған телеграмм боттың жұмысын халықпен таныстыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік желілеріне бейнероликтер және халық көп шоғырланатын жерлерге QR код бейнеленген баннер эскиздері жарияланды.

Айта кетейік, https://t.me/Kenes1414Bot сілтемесі арқылы «EgovKzBot2.0» бот-платформасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шағым беруге, бюрократияны азайту және бизнес-процестерді оңтайландыру жөнінде ұсыныс жолдауға болады.
07 қазан 2024 ж. 127 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930