Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықтық штаб мүшелері еңбек ұжымымен кездесті

Халықтық штаб мүшелері еңбек ұжымымен кездесті

АЭС салу мәселесі бойынша өткізілетін референдумға бірнеше күндер қалды. Аудандық Халықтық штаб мүшелері түсіндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бүгін Халықтық штаб төрағасы Ғазиз Әліш пен штаб мүшесі Әбдуали Рахметов Арал – Сарыбұлақ топтық су құбырын пайдаланушы Қазалы өндірістік бөлімшесінің ұжымымен кездесті.

Ұжыммен АЭС құрылысының ашатын мүмкіндіктері, атап айтқанда, энергетика секторы мен өнеркәсіптік өндірісті әртараптандыру, сондай-ақ ел экономикасына заманауи технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.

«Қазіргі таңдағы еліміздегі ең маңызды мәселенің бірі электр энергиясының жетіспеушілігі. Біздегі электр қуатының басым бөлігі ескірген көмір станцияларынан алынады. Ескірген станицялар болашақта электр энергиясы тапшылығына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ көптеген ірі кәсіпорындар мен өндірістік орындарды іске қоса алмай да жатырмыз. Өйткені, оны қамтамасыз ететуде электр тапшылығы байқалады. Егер АЭС құрылысы жобасы қолдау тауып, іске асырылса, осы секілді мәселелерді шешуде қуатты серпін болады», - деді Ғазиз Әліш.

Ал штаб мүшесі Әбдуали Рахметовтың айтуынша, атом электр станциясын салудың тағы бір артықшылығы елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі бағытының біріне айналады. Энергетика саласында жаңа заманауи технологиялар енгізіліп, жаңа жұмыс орындары құрылып, инфрақұрылымның дамуы жақсарады.

Өз кезегінде еңбек ұжымы тиімді энергия көзі Мемелекет басшысының АЭС салу бастамасын қолдайтындықтарын білдірді.
02 қазан 2024 ж. 76 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031