Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықтық штаб мүшелерінің тұрғындармен кездесулері жалғасып жатыр

Халықтық штаб мүшелерінің тұрғындармен кездесулері жалғасып жатыр


Әйтеке би кенттік мәдениет Үйінде аудандық Халықтық штаб өкілдерінің кент тұрғындарымен кездесуі өтті. Штаб төрағасы Ғазиз Әліш пен штаб мүшелері: Әбдуали Рахметов, Шакизада Асқарова Қазақстанда атом электр станциясын салудың артықшылықтары туралы қатысушыларға ақпарат берді.

Кездесу барысында штаб мүшелері АЭС Қазақстанға импорттық тәуелділікті азайтып, елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайта отырып, электр энергиясын өндіруді едәуір арттыруға мүмкіндік беретініне назар аударды. 


«Күн және жел электр станциялары ауа райы жағдайына тәуелді және тұрақты энергиямен қамтамасыз ете алмайды. Бұл жағдай жаңа тұрақты және экологиялық таза энергия көзінің қажеттілігін тудырады. Атом электр станциясы бұл мәселенің бірден-бір шешімі болуы мүмкін. Ол 60 жылдан астам тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге қабілетті. Сондай-ақ энергетика мен өнеркәсіп өндірісін әртараптандыруға ықпал етеді», - деді штаб төрағасы Ғазиз Әліш.

Ал штаб мүшесі Әбдуали Рахметов: «Қазіргі таңда әлемде АЭС-тің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа буынды технологиялар енгізілуде. Қазақстан да осы озық технологияларды пайдаланып, АЭС-тің қауіпсіздігіне толықтай кепілдік береді. Атом энергетикасы – бұл болашақтың энергиясы, біз үшін тұрақты әрі тиімді шешім», – деді өз сөзінде.

Сондай-ақ штаб мүшесі Шакизада Асқарова бүгінгі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттерінде де көптеген АЭС реакторлары жұмыс істеп тұрғанына тоқталды. Ол өзінің Франция еліне сапарында атом энергиясы қай кезеңде болмасын жалпы жоғары сұранысқа ие жоба екеніне көз жеткізгенін атап өтті. 

Өз кезегінде тұрғындар энергия тапшылығын жоюға бағытталған оң бастаманы қолдайтындарын білдірді.
02 қазан 2024 ж. 88 0

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 57

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 66

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031