Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Денсаулық сақтау саласының өкілдеріне АЭС салудың маңыздылығы кеңінен насихатталды

Денсаулық сақтау саласының өкілдеріне АЭС салудың маңыздылығы кеңінен насихатталды


Бүгін Қазалы аудандық емханасында денсаулық сақтау саласының өкілдерімен аудандық Халықтық штаб мүшелері еліміздегі атом электр станциясының құрылысы туралы кездесу өткізді. Жиында АЭС-тің электр қуаты тапшылығын жоюда қосатын үлесінен бөлек, медицинa сaлaсын дaмытуғa тигізетін ықпaлы жaн-жaқты тaлқылaнды.

Кездесуде Халықтық штаб мүшелері елімізде АЭС-тің заманауи қауіпсіздік стандарттарына сай құрылатынын және қауіпсіздіктің барлық талаптарына жауап беретін III немесе III+ жаңа буын атом электр станцияларын салу мүмкіндігі қарастырылатынын атап өтті.

«АЭС ұзақ мeрзімді, тұрaқты, қaуіпсіз элeктрмeн қaмтaмaсыз eтeді, бұл әсірeсe aуруханaлардың, eмханaлap мен ондағы жaбдықтаpдың жүйeлі жұмыс істeуі үшін aсa мaңызды. Азаматтардың денсаулығы мемлекеттің басым бағыттарының бірі. Сондықтан АЭС салу және пайдалану кезіндегі қауіпсіздік бірінші кезектегі мәселе. АЭС құнының 40%-ы қауіпсіздік жүйесіне бағытталады, - деді штаб төрағасы Ғазиз Әліш.


Ал штаб мүшесі Эльмира Нұрмағанбетова медицина қызметкерлеріне атом электр станциясы энергия импортына тәуелділікті азайта отырып, елді тұрақты және сенімді энергиямен қамтамасыз ететін бірден-бір маңызды жоба екеніне тоқталды.

Өз кезегінде сала өкілдері АЭС-тің елімізге тигізетін әсері туралы толық ақпарат алғандарын айтып, маңызды бастамаға қолдау жасады. Аудандық көп бейінді орталық ауруханасының жасөспірімдер жөніндегі дәрігері Қуанышбай Әбілбай елімізді тұрақты энергиямен қамту үшін бір емес бірнеше АЭС қажет деген пікірін білдірді.
17 қыркүйек 2024 ж. 192 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 113

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 102

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930