Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ертең тағы үш облыста жылу беріледі

Ертең тағы үш облыста жылу беріледі

Фото: © istockphoto.com
Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстары мен Астана қаласында жылу беру маусымы басталып кетті. Ал 1 қазаннан жылу беру маусымы Абай, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында басталады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2024 жылға бекітілген жөндеу кестесі аясында 10 энергоблокта, 55 қазандықта және 45 турбинада күрделі жұмыстар жоспарланған. Қазір 4 энергоблокта, 22 қазандықта және 16 турбинада жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 5 энергоблоктың, 32 қазандықтың және 28 турбинаның жөндеу жұмыстары аяқталды.

«Барлық электр станциясы жылыту маусымына дайын, негізгі жабдықтармен, соның ішінде қазандықтармен және турбиналармен қамтамасыз етілген. 2024 жылы АЭК-тің (электр желілерін тарату компаниялары) электр желілерінде 20,8 мың км электр беру желісін, 422 қосалқы станцияны және 4054 тарату пункті мен трансформаторлық қосалқы станцияны жөндеу көзделген. Қазірдің өзінде 19,9 мың км электр желісі, 376 қосалқы станция және 4046 тарату пункті мен трансформаторлық қосалқы станция жөнделді. Жылумен қамту саласында биыл 546 км жылу желілерін күрделі жөндеу және жаңғырту жоспарланған. Қазіргі уақытта 516,3 км жылу желілері жөнделді, бұл жылдық жоспардың 94,6 пайызын құрайды», - деді Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Энергия көздерінің қоймаларында 5,2 млн тонна көмір мен 89 мың тонна мазут бар. Бұл жылу беру маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесі Ресей және Орталық Азия елдерінің энергетикалық жүйелерімен қатарлас жұмысын жалғастыра отырып, қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, деп атап өтті ведомство.
30 қыркүйек 2024 ж. 247 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 127

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 122

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 114

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930