Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан тағы бір африкалық елмен визасыз режимге қол жеткізді

Қазақстан тағы бір африкалық елмен визасыз режимге қол жеткізді

Ашық дереккөзден
Қазақстан мен Сьерра-Леоне дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мұндай келісімге БҰҰ Бас Ассамблеясы 79-сессиясының шеңберінде өткен кездесулер барысында қол қойылғанын мәлімдеді.

“Қазақстан мен Сьерра-Леоне дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды” делінген сыртқы істер ведомствосының ақпаратында.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу БҰҰ Бас Ассамблеясы шеңберінде Ең аз дамыған елдер, теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер және шағын аралдық дамушы мемлекеттер мәселелері бойынша БҰҰ-ның Жоғары өкілі Рабаб Фатимамен де кездесу өткізген.

ҚАНДАЙ ЕЛ?

Сьерра-Леоне – Атлант мұхиты жағалауындағы батыс Африка мемлекеті. Астанасы – Фритаун, ресми тілі – ағылшын тілі. 1961 жылы Сьерра-Леоне Ұлыбританиядан тәуелсіздік алды. Ел 1990 жылдары азаматтық соғысты бастан өткерді, ол 2002 жылы аяқталды.
29 қыркүйек 2024 ж. 235 0

Қырмандағы қызу еңбек

20 қыркүйек 2025 ж. 138

Никабты шешуге не негіз?

20 қыркүйек 2025 ж. 127

Қайран, қарт, қорғаның кім?

20 қыркүйек 2025 ж. 117

Мейірім аңсаған ақсақал

20 қыркүйек 2025 ж. 117

Қиясы биік қаламгер

19 қыркүйек 2025 ж. 184

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930