Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін елімізде ауа райы құбылмалы болады

Бүгін елімізде ауа райы құбылмалы болады

Фото: depositphotos.com
Еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде жаңбыр жауып, кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде. Оңтүстік және батыс аймақтарда күн ашық, жел күшейіп, шаңды дауыл болуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлытау облысы
Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады күндіз облыстың орталығында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 26 қыркүйекте солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды облысы
Қарағанды облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың бытысында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Алматы облысы
Алматы облысының оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың таулы аудандарында кей уақытта тұман. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстігінде екпіні 18-23 м/с. Алматы қ.: 26 қыркүйекте күндіз кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Қонаев қ.: 26 қыркүйекте солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.
Маңғыстау облысы
Маңғыстау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қәуіпі күтіледі. Ақтау қ.: 26 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысы
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 26 қыркүйекте жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Атырау облысы
Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 26 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақмола облысы
Ақмола облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысы
Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі, областың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысы
Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ.: 26 қыркүйекте солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысының басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қ.: 26 қыркүйекте жоғары өрт қауіпі сақталады.
Батыс Қазақстан облысы
Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 26 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
Абай облысы
Түнде және таңертен Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жамбыл облысы
26 қыркүйекте күндіз, 27 қыркүйекте түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ болуы ықтимал. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 26-27 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Тараз қ.: 26 қыркүйекте таңертең және күндіз, 27 қыркүйекте түнде найзағай, бұршақ болуы ықтимал. 27 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі. 27 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 26-27 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысы
Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қостанай облысы
Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысы
Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Шымкент қ.: 26 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Түркістан қ.: 26 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
26 қыркүйек 2024 ж. 75 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031