Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді қазақстандықтар дәмханаларда 10%-дық қызмет көрсету ақысын мәзірде жазылса ғана төлейді

Енді қазақстандықтар дәмханаларда 10%-дық қызмет көрсету ақысын мәзірде жазылса ғана төлейді

Фото: © istockphoto.com
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бизнес өкілдерімен қоғамдық тамақтану орындарында қызмет көрсеткені үшін 10 пайыз төлем алудың заңдылығын және мекемелердегі депозиттік жүйенің ережелерін талқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министр Қазақстанның Азаматтық кодексіне сәйкес, қоғамдық тамақтану саласында ас мәзірін ұсыну жария оферта екенін, сәйкесінше, қызмет көрсету үшін ақы төлеу қажеттілігі туралы ақпарат ас мәзірінде көрсетілуге тиіс екенін еске салды. Егер ондай ақпарат болмаса, онда төлемақы алу заңсыз деп есептеледі.

«Келушілерге қызмет көрсеткені үшін заңсыз ақы алуды болдырмау мақсатында Ішкі сауда ережесіне өзгерістер енгізілді. Енді мейрамханалар қызмет көрсету ақысын тек мәзірде көрсетілген жағдайда ғана ала алады. Сондай-ақ, «депозиттік жүйеге» тыйым салатын ережелер туралы айтылды. Келушілер мекемеге тегін кіреді, алайда қосымша қызметтер, мысалы, VIP-кабина, караоке-кабина үшін ақы алуға болады», - деп мәлімдеді сауда және интеграция министрлігі.

Талқылау қорытындысы бойынша Сауда министрі бизнес пен қоғамдық ұйымдардың өкілдерін қоғамдық тамақтану саласындағы ережелерді жақсарту бойынша бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Ол министрлік «Атамекен» ҰКП-мен бірге әзірленетін барлық ұсынысты қарауға дайын екенін айтты.
20 қыркүйек 2024 ж. 155 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031