Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 20 өңірде IT-орталықтар іске қосылуда

20 өңірде IT-орталықтар іске қосылуда

Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Студенттердің мүмкіндіктерін кеңейту және біліктілігін арттыру мақсатында колледждер базасында өңірлік IT-орталықтар құрылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл экономиканың цифрлық трансформациясы мен IT-мамандарға сұраныстың өсуі жағдайында аса өзекті болып отыр.

Бүгінде Павлодар ақпараттық технологиялар колледжінде «IT HUB / JYLYJAI10 IT» өңірлік IT орталығы табысты жүзеге асырылуда, мұнда «Робототехника», «Графикалық дизайн» және «3D-прототиптеу» бағыттары бойынша білім беру курстары жүргізіледі.

Орталықта 3D-прототиптеу, желілік әкімшілендіру, веб-дизайн, виртуалды және кеңейтілген шындық зертханаларын қоса алғанда 10-нан астам мамандандырылған зертханалар бар. Сонымен қатар бағдарламалық қамтамасыз ету, веб-сайт құру және өндірістік прототиптер бойынша ақылы қызметтер ұсынылады. Орталықта сондай-ақ студенттерді WorldSkills және JuniorSkills чемпионаттарына дайындайды.

Өңірлік IT-орталықтар колледж студенттеріне еңбек нарығында сұранысқа ие заманауи техникалық дағдыларды игеруге, сондай-ақ озық білім беру ресурстары мен бағдарламаларына қол жетімділікті қамтамасыз етуге ықпал етеді. Бұл инновациялық жобаларды дамыту, IT-компаниялармен және халықаралық серіктестермен ынтымақтастық құру бағытында қосымша мүмкіндіктерге жол ашады, - деп атап өтті Техникалық және кәсіптік білім департаменті директорының орынбасары Ақзира Қасымова.

Айта кетейік, тағы 20 IT-орталықтың ашылуы жоспарлануда, оның ішінде Алматыдадағы IT HUB Almaty Polytechnic College өз жұмысын осы жылдың қараша айында бастайды.
16 қыркүйек 2024 ж. 169 0

Қырмандағы қызу еңбек

20 қыркүйек 2025 ж. 162

Никабты шешуге не негіз?

20 қыркүйек 2025 ж. 150

Қайран, қарт, қорғаның кім?

20 қыркүйек 2025 ж. 141

Мейірім аңсаған ақсақал

20 қыркүйек 2025 ж. 142

Қиясы биік қаламгер

19 қыркүйек 2025 ж. 207

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930