Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Бәйгеден сынға түскен сәйгүліктердің жеңімпазы анықталды

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Бәйгеден сынға түскен сәйгүліктердің жеңімпазы анықталды

Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында бәйгеде бақ сынаған сәйгүліктердің жеңімпаздары белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Бүгін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында бәйге сайысы өтіп, жеңімпаздар анықталды. "Құнан бәйге" жарысында қазақстандық үш ат жүлде алды. Бұл бәйгеде Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия мемлекеттерінен 15-тей құнан бақ сынады. 11 шақырымға созылған дүбірлі додада жеңімпаз болған құнандар:

1-орын: "Қамысқұлақ", шабандозы – Амир Серік, ат иесі – Біржан Шаймерденов, бапкері – Қуаныш Шақанбаев (Қазақстан)

2-орын. "Айшуақ", шабандозы – Аңсар Арыстанбек, ат иесі – Алтынбай Қасым, бапкері – Жамбыл Бөбекбай (Қазақстан)

3-орын. "Бақторы", шабандозы – Ділнұр Нұрмұқаш, ат иесі – Айбек Бейсбаев, бапкері – Әділет Ноқатай (Қазақстан).

“Топ бәйгеден” жарыс жолына шыққан 20-ға жуық жүйріктен мәре сызығын екі-ақ жүйрік кесті. Қазақстанның үш сәйгүлігі жүлделі орындарға ие болды.



18 шақырымға жалғасқан топ бәйгеде 19 жүйрік жарыс жолына шығып, 3 ат қана мәреге жетті.

1-орын: Холибой, шабандозы Бақтыбай Сержан, бапкері Медет Ералимов, ат иесі Едил Буралкиев (Қазақстан);

2-орын: Зымыран, шабандозы Арнат Мұратхан, бапкері Табылдиев Нұржігіт, ат иесі Табылдиев Нұржігіт (Қазақстан);

3-орын: Кемеңгер, шабандозы Жанболат Марден, бапкері Саламат Ахметов, ат иесі Бекболат Серікбеков (Қазақстан).

25 шақырымға жалғасқан Аламан бәйгегеде қазақстандық үш тұлпар жүлделі орындарды иеленді.

Аламан бәйгеге 27 шабандоз қатысты. Соңғы айналымда 7 ат қана қалды. Мәре сызығын бірінші болып "Айқабақ" кесті. "Жұмыртұяқ" екінші болып келсе, қырғызстандық сәйгүлік – "Қара қыз" үштікті түйіндеді. Қазақстан қоржынында бір алтын, бір күміс бар.

1-орын: "Айқабақ", шабандоз – Ансар Арыстанбек, бапкері – Сапарғали Сатпаев, ат иесі – Жамбыл Бөбекбай (Қазақстан);

2-орын: "Жұмыртұяқ", шабандоз – Хамза Аманкелді, бапкері – Марат Ақберлинов, ат иесі – Марлан Бектенов (Қазақстан);

3-орын: "Қара қыз", шабандоз – Элесов Нурэл, бапкері – Керимбеков Нурбек, ат иесі – Сырғақ уулу Изат (Қырғызстан).
13 қыркүйек 2024 ж. 110 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031