Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан мен Қырғызстан көкпардан финалға шықты

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан мен Қырғызстан көкпардан финалға шықты

Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы көкпардан финалға шығып, алтын жүлдені сарапқа салады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Фото: V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясы

Көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалына шықты. Көкпаршылар Ресей командасын 18-2 есебімен жеңіп, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтын жүлдесіне таласуға жолдама алды. Финалда Қазақстан мен Қырғызстан құрамасы кездесіп, алтын жүлдені сарапқа салады. Қырғыз көкпаршылары ширек финалда Түркия құрамасын 15:1 есебімен жеңіп, бірден финалға жолдама алған еді. Түркия командасы ертең Ресей спортшыларымен қола жүлдеге таласады.



"Қазанат" ипподромында өтіп жатқан көкпар бәсекесіне 9 мемлекеттің құрамасы қатысып жатыр. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы сынға түседі. Көкпардан бақ сынайтын құрамалар: Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия және Түркия.

Айта кетейік, жалпы есепте Қазақстан құрамасының қоржынында 21 алтын, 10 күміс, 17 қола жүлде бар.
11 қыркүйек 2024 ж. 256 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031