Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тамыз айында қазақстандықтар қанша күн демалады

Тамыз айында қазақстандықтар қанша күн демалады

2018 жылдың тамыз айында Қазақстан халқы, мереке күндерін қосқанда, 10 күн демалады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Биыл Құрбан айттың бірінші күні сейсенбі - 21 тамызға тура келеді және бұл күні бес күндік еңбек аптасымен жұмыс істейтіндерге демалыс жарияланған. Одан бөлек, сенбі-жексенбі - тамыздың 4-5, 11-12, 18-19 және 26 күндері заңды демалыс беріледі. Айта кетейік, ҚР Еңбек кодексі 85-бабының 3-тармағына сәйкес, мереке күндері жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында, Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне өткізуге құқылы. Конституция күніне орай күнтізбеде демалыс деп белгіленген 30 тамыз биыл бейсенбіге сәйкес келеді. Сол себепті, сенбі 25 тамыз жұмыс күні деп жарияланып, ондағы демалыс 31 тамыз, жұмаға ауыстырылады. Осылайша, қазақстандықтар 30-31 тамыз (бейсенбі, жұма) және 1-2 қыркүйек (сенбі-жексенбі) күндері қатарынан 4 күн демалады. 2018 жылға арналған Қазақстандағы мереке және демалыс күндер тізімін Электронды үкімет порталынан көруге болады.  
inform.kz​​​
20 шілде 2018 ж. 2 330 0

Таңғаларлық операция

18 мамыр 2025 ж. 61

АЛҚАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ДӘН

17 мамыр 2025 ж. 87

Ел қорғаны боламын

17 мамыр 2025 ж. 84

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031