Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде тік ішек қатерлі ісігін ерте анықтайтын зерттеу жүріп жатыр

Елімізде тік ішек қатерлі ісігін ерте анықтайтын зерттеу жүріп жатыр

Фото: Ұлттық биотехнология орталығы
Жуырда елордада ашылған Астана биотехнология орталығы бірқатар генетикалық зерттеуді қолға алған. Мәселен, жүкті әйелдердің бойындағы баласының кемтарлығы бар-жоғын анықтау, тік ішек ісігін бастапқы кезеңінде анықтау сынды жобалар бар. Бұл туралы QazBioPharm ұлттық холдингінің бас директоры Ерғали Әбдірайымов Ұлттық биотехнология орталығының 30-жылдығына арналған «Astana Biotech 2024» атты халықаралық конференциясында айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бұл зертхананың негізгі мақсаты – перинетальды диагностика, яғни, науқасты бастапқы кезеңінде анықтап береді. Мәселен, жүкті әйелдердің бойындағы баласының ақаулығы бар-жоғын анықтап береді. Әлемде маңыздылығын жоғалтпай отырған қатерлік ісіктер. Соның ішінде колоректальды рак, яғни, тік ішек ісігін бастапқы кезеңінде, яғни, әлі белгі бермеген сәтінде диагностикалап, адам өмірін сақтап қалуға үлес қосамыз деп үміттеніп отырмыз, – дейді Ерғали Әбдірайымов.

Оның сөзінше, қатерлік ісікті көбіне соңғы, емдеуге келмейтін кезінде ғана біліп жатамыз. Қазіргі зертхана соны қан құрамын зерттеп, қатерлі ісік бар-жоғын енді басталып жатқан сәтінде анықтап бере алады.

Холдинг басшысының айтуына, Еуропада да, Азия елдерінде де осы әдістер кеңінен қолданылып келеді.

Одан бөлек, ауыл шаруашылығы саласында орталықтың көптеген жетістігі барын айтты. Соның ішінде қызыл кітапқа енген өсімдіктерді, оның ішінде дәнді-дақылдар, өсімдіктерді сақтап қалуға көп көңіл бөлініп отыр.

Мәселен, қазір жоғалып бара жатқан жабайы алманың түрлері бар. Соларды осы Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары жандандырып, көбейтіп, қоршаған ортаға таралуына көп септігін тигізіп жатыр. Ауыл шаруашылығына қолданылатын арпа-бидайымыздың ауруларын зерттеп, төзімді сорттарын алу да бағыттардың бірі болып саналады, – дейді Ерғали Әбдірайымов.

Айта кетейік, Ұлттық биотехнология орталығы елдегі биологиялық бейіндегі жетекші ғылыми мекеме, Президент Жарлығымен 1993 жылы құрылған. Орталық биотехнология, биологиялық қауіпсіздік және экология саласындағы бағдарламаларды орындайды.
13 қыркүйек 2024 ж. 212 0

Қырмандағы қызу еңбек

20 қыркүйек 2025 ж. 163

Никабты шешуге не негіз?

20 қыркүйек 2025 ж. 151

Қайран, қарт, қорғаның кім?

20 қыркүйек 2025 ж. 142

Мейірім аңсаған ақсақал

20 қыркүйек 2025 ж. 143

Қиясы биік қаламгер

19 қыркүйек 2025 ж. 208

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930