Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дауыл тұрып, тұман болады- синоптиктер ескертеді

Дауыл тұрып, тұман болады- синоптиктер ескертеді

Әлеуметтік желіден
"Қазгидромет" синоптиктері 12 қыркүйек күні қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, жылжуы баяу антициклон Қазақстанның барлық аумағында жауын-шашынсыз ауа райының болуына әсер етеді.

"Еліміздің шығысында ғана фронтальды бөліктердің жүруіне байланысты жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің екпін алуы тән, батыста, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте, орталықта, оңтүстік-шығыста түнде және таңертең тұман болады", делінген хабарламада.

Ұлытау облысында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда өңірінің солтүстік-шығысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, батысында, шығысында, Қарағанды облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.

"Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды өңірінің шығысында, Алматы облысының орталығында, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады", - дейді синоптиктер.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК мамандары 2024 жылдың 12-14 қыркүйек аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа-райы болады деп болжаған.
12 қыркүйек 2024 ж. 123 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930