Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады - Қазгидромет

Таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады - Қазгидромет

Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ
10 қыркүйекте солтүстік-батыс антициклонының әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, елдің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында ғана жаңбыр жауады, оңтүстік аймақтарда найзағай ойнайды.

Ал таулы аймақтарда түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр мен қар) болады. Қазақстан бойынша түнде және таңертең тұманның түсуі, республикамыздың батысында, оңтүстік-шығысында желдің екпін алуы байқалады.

Ұлытау облысында, Жетісу өңірінің батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда өңірінің солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында, Алматы өңірінің солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қарағанды өңірінің батысында, шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау өңірінің солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
10 қыркүйек 2024 ж. 245 0

Берекелі жәрмеңке

09 желтоқсан 2025 ж. 125

Құрылыста қам қалай?

09 желтоқсан 2025 ж. 80

Су деңгейі бақылауда

09 желтоқсан 2025 ж. 39

Қос кездесу

09 желтоқсан 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031