Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді несиесін төлей алмай жүрген қазақстандықтар қарызын 5 жылға шегере алады

Енді несиесін төлей алмай жүрген қазақстандықтар қарызын 5 жылға шегере алады

Фото: Stan.kz
Несиесін төлей алмай жүрген азаматтарға қарызын бес жылға дейін шегеру мүмкіндігі беріледі. Ол үшін азамат сотқа өтініш беруі тиіс. Ал құзырлы орган арыз түскеннен кейін 10 жұмыс күннің ішінде өтініш берушіге жауап беруі міндетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.


"Азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" заңға сәйкес несиесін төлей алмаған борышкерлер 5 жылға дейін қарызын кейінге шегере алады. Бірақ бұл кез келген адамға беріле бермейді. Тек бірнеше микроқаржылық ұйымдар мен банктен ақша алып, қайтара алмай жүрген жандар өтініш бере алады. Сондай-ақ жалақысы өте аз, өзіне жетпейтін адам болуы тиіс.

Қазақстанда әскери қызметкерлердің несиені өтеу мерзімі кейінге қалдырылады
Қазақстанда студенттерге жоғары білім алу үшін он жылға дейін пайызсыз несие берілмек
Несиені кейінге шегеру үшін алдымен тұрғылықты жері бойынша сотқа жазбаша немесе электронды түрде өтініш қалдыру керек. Ол үшін кредиторлардың талаптарын орындай алмайтыныңызды, яғни төлей алмайтыныңызды растау қажет. Одан кейін несие сомасы көрсетіледі. Атыңызда қандай мүлік бар екені, яғни үй немесе көлік рәсімделгені туралы ақпарат та жарияланады. Өйткені төлем қабілетін қайта қалпына келтірген кезде жалпы қарыз мөлшері мүлік құнынан аз болуы керек және тұрақты табыс болуы шарт.

“Қалпына келтіру жоспары қаржы басқарушысымен бірлесіп әзірленеді және сотта бекітіледі. Ол үшін екі жақтың да, яғни борышкер мен қаржы ұйымының келісімі қажет. Айта кетейік, борышкердің өтініші қабылданған жағдайда қарызының үстінен қосылатын пайыз тоқтатылады. Жаңа несие берілмейді”, – деді қаржы министрлігінің МКК дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Меруерт Сисембаева.



12 қыркүйек 2024 ж. 125 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 185

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 171

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 164

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 175

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930