Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үмітің үзілмесін, борышкер

Үмітің үзілмесін, борышкер

Жуырда қарызға белшеден батқан қазақстандықтарға 1414-тен келген хабарлама қайта үміт сыйлады. Дәлірек айтсақ, сол хабарламада биыл Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін және банкроттығын қалпына келтіру заңына қол қойылғандығы жазылған. Несиесін бірнеше жыл төлей алмай келе жатқан жандардың кредиті кешірілмек.
Өткен жылдың 30-шы желтоқсанында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін және банкроттығын қалпына келтіру туралы» Заңға қол қойды. Бірақ ол ресми жарияланғаннан кейін, 60 күннен соң әрекет ете бастайды. Бұл өтей алмайтын қарызы бар азаматтар 2023 жылдың 3 наурызынан бастап банкроттық туралы арыз бере алады деген сөз.
Мамандардың айтуынша, банкроттық туралы заң үш процедура түрін қарастырады. Яғни, соттан тыс банкроттық, сотты банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Бұл процедураларды тек қарыз алушының өзі қозғай алады.
– Жеке қарыз алушының банктер, микроқаржы ұйымдары, коллекторлық агенттіктер алдындағы берешегі 5 млн 520 мың теңге, 1600 айлық есептік көрсеткіштен аспаса, онда ол соттан тыс банкроттық рәсімін қарастыра алады. Бірақ қарыз алушы белгілі бір шарттарды орындауы керек. Оның алғашқысы, оған ешқандай мүлік, оның ішінде ортақ меншіктегі мүлік тіркелмеуі керек.
Екінші шарты, өтініш берген күні қатарынан 12 ай ішінде оның кредиторлар, өндіріп алушылардың алдындағы міндеттемелерін өтеу операциясы қажет.
Ал үшіншісі, борышкерге қатысты мерзімі өткен берешек туындаған күннен бастап 18 айдан аспайтын мерзімде қарыз шарты бойынша орындалмаған міндеттемелерді өтеу немесе өндіріп алу рәсімдері жүргізілген болуы тиіс.
Төртінші, борышкер арыз берген күннен бастап 7 жыл бойы банкроттық туралы өтініш бермеген және өтініш берген күні 5 жылдан астам қарызын өтемеген жеке қарыз алушылар да соттан тыс банкроттық туралы өтініш бере алады. Аталған шарттар мұндай борышкерге қолданылмайды, – дейді экономист, заңгер Алтынай Алпамысқызы.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өткен жылдың қараша айында жариялаған деректеріне көз жүгіртсек, Қазақстанда жеке тұлғалардың екінші деңгейлі банктерге берешегі 13,1 триллион теңгені құрап отыр. Бұл сұмдық санның ішінде қарызын уақытылы өтеп жүргені мен өтей алмай жүргендері де бар. Солардың бірі – жолаушы тасымалымен айналысып, бала-шағасының нәпақасын тауып жүрген, атын атамауды өтінген қазалылық азамат.
– Қазақтың кез келген мәселенің шешімін несиеден іздейтін әдеті бар ғой. Біз де дәл солай, үлкеніміздің отау құрамын дегенін естігеннен-ақ несие алып, той-томалақты өткізбекке қамдандық. Солай аста-төк той жасалды. Үлкен соммадағы несиені алғашқы 12 айда еш кешігусіз төлеп отырдық. Белгілі бір себептерге байланысты жұбайымыз екеуіміз жұмыстан айрылдық. Содан бері жолаушы тасымалымен айналысып жүрмін. Бірақ одан тапқан қаражат тіршілікке әрең жетеді. Сол себепті несиені төлей алмай, бүгінде пайызы жоғарылап кетті. Кеше ХҚКО-нан келген хабарламаны көрдік. Бұйырса заңдылықтарына сай өтініш-арыздарымды жазып, қарызы кешірілетін борышкерлер қатарынан табылуға үміттіміз, – дейді кент тұрғыны.
Жалпы банкроттықтың салдарына тоқтала кетсек, құжатта 5 жылға несие алуды шектеу ескерілген және азаматтар 7 жылдан кейін ғана банкроттыққа қайта жүгіне алады. Сондай-ақ 3 жыл бойы несиесі кешірліген жанның қаржылық жағдайына мониторинг жүргізіліп отырмақ.

Серік АҚМЫРЗА
10 қаңтар 2023 ж. 397 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930