Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін еліміздің басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауып, дауыл тұруы ықтимал

Бүгін еліміздің басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауып, дауыл тұруы ықтимал

Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев
Бүгін бойынша күн райы тұрақсыз болады. Еліміздің басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтілуде. Солтүстік және шығыс аймақтарда желдің күшеюі мүмкін, ал оңтүстік өңірлерде күн жылынып, ыстық ауа райы сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы облысы

Түнде және таңертең Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с. Облыстың солтүстік жартысында төтенше өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Алматы қ.: 11 тамызда түнде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады. Қонаев қ.: 11 тамызда төтенші өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қ.: 11 тамызда кей уақыттарда найзағай күтіледі.

Атырау облысы

Атырау облысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік- батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 11 тамызда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жетісу облысы

Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 11 тамызда түнде және таңертең найзағай күтіледі.

Қызылорда облысы

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 11 тамызда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысы

11-16 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Шымкент қ.: 11-16 тамызда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Түркістан қ.: 11-16 тамызда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Қарағанды облысы

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі. Қарағанды қ.: 11 тамызда кей уақыттарда найзағай күтіледі.



Батыс Қазақстан облысы

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысы

Таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қостанай: 11 тамызда күннің соңында найзағай күтіледі.

Ұлытау облысы

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 11 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Абай облысы

Түнде Абай облысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қ: 11 тамызда түнде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысы

Түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ.: 11 тамызда найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысы

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында тұман күтіледі.
11 тамыз 2024 ж. 145 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30