Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңбыр, үсік, найзағай: Ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды

Жаңбыр, үсік, найзағай: Ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды

Фото: Александр Павский/ Kazinform
Синоптиктер ауа райына байланысты 7 қыркүйекте еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады.

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамы бойынша, Ұлытау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда да жоғары өрт қаупі бар.

Күндіз Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-18 метр жылдамдықпен жел соғады деп болжанады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыстың шығысында үсік жүреді, сынап бағаны 2 градус суықты көрсетеді.

Алматы облысының оңтүстігінде аракідік жаңбыр жауады, Алматы қаласының және облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында соққан желдің екпіні 18-23 м/с жетеді. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында кей уақыттарда найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 18 м/с. Қонаев қаласында түнде және таңеретең найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18-23 м/с дейін жетеді.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр жауады. Түнде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды, күндіз облыстың таулы аудандарында бұршақ түседі. Облыстың таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ беті қатып, үсік жүреді, сынап бағаны 2 градус суықты көрсетеді. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда бұршақ түседі.

Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада да төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, тау асуларында соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкентте төтенше өрт қаупі бар. Түркістанда да төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында да төтенше өрт қаупі бар.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар. Оралда да жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Жетісу облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, областың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
07 қыркүйек 2024 ж. 103 0

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 58

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 68

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031