Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Карантин мен маска тағу режимі 15 қыркүйектен қайта басталатыны рас па?

Карантин мен маска тағу режимі 15 қыркүйектен қайта басталатыны рас па?

Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті желіде COVID-19-ға байланысты тарап жатқан шектеулерді жоққа шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Ведомство мәліметінше, карантин мен маска тағу режимі қайта басталмайды.

"Қазір жағдай тұрақты. Карантин енгізілген жағдайда жаңа қаулы шығарылып, халыққа ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі. Азаматтардан тек ресми ақпаратқа сенуді өтінеміз", - дейді дсэк.

СЭБК маманының айтуынша, қаңтардан бері 3 адам ғана Covid-19 жұқтырған.
Еске салайық, СЭБК мамандары бұған дейін де карантинге қатысты желіде тараған қауесетке қатысты пікір білдірген еді.

"Әлеуметтік желілерде 15 қыркүйектен бастап барлығына карантин шектеулері мен бетперде тағу режимі енгізіледі деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Алайда биыл 15 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы вакцинация басталады.

"Бетперде тағу режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне ғана енгізіледі", - деп атап өтті комитет өкілдері.

05 қыркүйек 2024 ж. 282 0

Наградалар табысталды

10 сәуір 2026 ж. 111

Мал ұрлығына жол жоқ

10 сәуір 2026 ж. 158

Грант байқауы басталды

10 сәуір 2026 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930