Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ботай қонысында «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафоны басталды

Ботай қонысында «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафоны басталды

Фото: Ұлттық спорт қауымдастығы
Бүгін V дүниежүзілік көшпенділер ойынының аясында өткізілетін «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесі Лобанова ауылынан бастау алды. Бұл жайында Мәдениет және ақпарат министрлігінен хабарланды.
Марафон Солтүстік Қазақстандағы Ботай қонысынан басталып, Астанада аяқталады.

Фото: Мәдениет министрлігі
Оған шет мемлекеттерден 10-ға жуық шетелдік команда және 9 отандық команда қатысты. Қатысушылар 500 шақырымды еңсеруі керек.


Аталған іс-шара шетелдік қатысушыларға көшпелі өркениеттің заманауи үлгісін көрсетуге және қазақ мәдениетін насихаттауға бағытталған.


Фото: Мәдениет министрлігі

«Ұлы дала жорығы» жобасының негізгі мақсаты — ұмыт бола бастаған жылқы тұқымдарын қайта жаңғырту.


Фото: Мәдениет министрлігі
Жарысқа қарашай, кабардин, араб, татар, башқұрт, жаңа қырғыз тұқымдары қатысып жатыр.

«Ұлы Дала жорығы» марафон-бәйгесінің аясында ұйымдастырылған маңызды іс-шараның бірі — «Ботай — Ұлы Дала мәдениеті» жылжымалы көрмесі. Марафон қатысушылары, келген қонақтар Ботай мәдениетімен терең танысып, энеолит заманындағы құнды тарихи жәдігерлерді тамашалады.


Фото: Мәдениет министрлігі
Аталмыш іс-шараның бағдарламасына Ботай көрмесінің енуі кездейсоқ емес. Осыдан 44 жыл бұрын археолог-ғалымдар сенсациялық жаңалық ашты.

Солтүстік Қазақстан жерінде қамбар ата түлігі ең алғаш қолға үйретілген деген тұжырым жасады.


Фото: Мәдениет министрлігі

Фото: Мәдениет министрлігі
04 қыркүйек 2024 ж. 294 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031