«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің бірінші күні қорытындыланды
3 қыркүйекте Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің бірінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7:00-де 17 команда Солтүстік Қазақстан облысының Ботай қонысынан жорықты бастап, Ақмола облысының аумағындағы Лесное елді мекенінде аяқтады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жалпы жол қашықтығы 500 шақырымды қамтиды және бағыты – Солтүстік Қазақстан, Ақмола облысы және Астана қаласы. Марафон 7 қыркүйекте Астанада аяқталады.
| № | КОМАНДА | ЖАЛПЫ УАҚЫТЫ |
| 1. | Қырғыз Республикасы. | 05:12:23 |
| 2. | Қазақстан Республикасы. Жамбыл облысы. | 05:24:19 |
| 3. | Қазақстан Республикасы. Алматы қаласы. | 05:25:18 |
| 4. | Қазақстан Республикасы. Маңғыстау облысы. | 05:30:46 |
| 5. | Қазақстан Республикасы. Қостанай облысы. | 05:40:10 |
| 6. | Ресей Федерациясы. Қарашай-Шеркеш Республикасы. | 05:44:13 |
| 7. | Ресей Федерациясы. Қабардин-Балқар Республикасы. | 05:49:35 |
| 8. | Қазақстан Республикасы. Шығыс Қазақстан облысы. | 05:50:21 |
| 9. | Қазақстан Республикасы. Жетісу облысы. | 05:55:17 |
| 10. | Мажарстан. | 06:02:18 |
| 11. | Қазақстан Республикасы. Ақтөбе облысы. | 06:10:51 |
| 12. | Қазақстан Республикасы. Маңғыстау облысы, «СУЫН» қыздар командасы. | 06:19:50 |
| 13. | Қазақстан Республикасы. Ақмола облысы «ТОМИРИС» қыздар командасы. | 07:05:58 |
| 14. | Түркия Республикасы. | 07:39:04 |
| 15. | Иран Ислам Республикасы. | 08:00:46 |
| 16. | Оңтүстік Африка Республикасы. | 08:04:33 |
| 17. | Ресей Федерациясы. Татарстан Республикасы. | 08:43:22 |
«Ұлы Дала Жорығы» – жылқы баласының ең мықты әрі төзімді тұқымы анықталатын дала лабораториясы.Марафон жаңалықтарын www.joryq.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілерде бақылаңыз: Facebook – JORYQ, Instagram – joryqofficial, TikTok – JORYQ, YouTube – JORYQ.
БАҚ-пен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл мәселелері: +7 778 854 54 05 нөмірі бойынша Сәкен Сейітханұлына хабарласуға болады.














