Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент латифундистерге қатысты шара қолдануды тапсырды

Президент латифундистерге қатысты шара қолдануды тапсырды

Фото: © Sputnik / Абзал Калиев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жерді пайдаланбай жүрген кәсіпкерлерге қатысты шара қолдануды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгінде жер телімдерін қайтару жөніндегі арнайы комиссия біраз заң бұзушылықты анықтаған. Мәселен, әкімдіктер ауыл шаруашылығы алқаптарын конкурссыз беру екі мыңнан астам заңсыз шешім қабылдаған. Ал заңсыз алынып, пайдаланылмай жатқан жер оңтайландырылған рәсім бойынша мемлекетке қайтарылуға тиіс.
"Көптеген меншік иесі өздері пайдасын көріп отырған жерден мыңдаған шақырым алыста тұрады, ондағы ауыл тұрғындарына қамқорлық жасау ойына кіріп те шықпайды. Бізге мұндай жер иелерінің қажеті жоқ. Үкімет пен бас прокуратура оларға қатысты мәселені мықтап қолға алуға тиіс",-деді Тоқаев бүгінгі жолдауда.
Президенттің айтуынша, азаматтар, әсіресе, ауыл тұрғындары заңды түрде табысты жұмыс істеп, болашағының қамын өзі ойлауы керек. Ал оларды осыған ынталандыру – мемлекеттің басты міндетінің бірі.
"Былтыр "Ауыл аманаты" жобасы басталды. Жалпы нәтижесі жаман емес. Енді осы жоба аясында тағы бір жаңа тәсілді, яғни "тауар несиесін" беру мәселесін қарастыру қажет",-деді мемлекет басшысы.
02 қыркүйек 2024 ж. 232 0

Қуанса, бала қуансын!

26 желтоқсан 2025 ж. 153

Бүгінгі доллар бағамы қандай

26 желтоқсан 2025 ж. 229

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031