Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнет жасына жақындаған азаматтарды жұмысқа алмаған компанияларға қандай жаза қарастырылған

Зейнет жасына жақындаған азаматтарды жұмысқа алмаған компанияларға қандай жаза қарастырылған

Қазақстанда кей көп компаниялар мен мекемелер зейнет жасына жақындаған азаматтарды жұмысқа алғысы келмейді. Тіпті, кей ұйымдар адамдарды жынысы мен ұлтына, отбасы жағдайына қарай бөліп, кемсітеді екен. Осындай жағдайға тап болған тұрғындар шағымын білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Sfr.gov.ru

Петропавл тұрғыны Бақытгүл Мемешованың келіні бір жылдан бері жұмысқа орналаса алмай қиналып жүр. Жұмысқа орналаса алмауының себебі – жүктілігі. Петропавл тұрғынының сөзінше, қызды бала көтергені үшін қызметке қабылдамау ақылға қонымсыз.

“Жұмысқа алмайды. Менің келінім жұмысқа кіре алмай отыр. Жұмыс істемейді. Аяғы ауыр деп ешкім алғысы келмейді. Неге алмайды? Ертең бірнеше айдан кейін декретке кетесің. Сенен қандай пайда депті”, – дейді Бақытгүл Мемешова.

Қазақстанда мұндай жағдайдан бөлек, зейнет жасына жақындаған азаматтар да жаңа жұмысқа орналаса алмай жүр. Сонымен қатар кей компаниялар баласы бар қыз-келіншектерді жұмысқа алмауға тырысады екен. Ел тұрғындары бұл дұрыс емес, жұмыс беруші ең әуелі қызметкердің қабілеті мен тәжірибесіне мән беру керек дейді.

Еңбек министрлігі және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі басқармасының бас сарапшысы Самал Жұмағазиеваның сөзінше, Еңбек кодексіне сәйкес азаматтарды жұмысқа қабылдар кезде жасы, жынысы, ұлты, тіпті дене бітіміне байланысты алалауға тыйым салынған. Сондай-ақ бір лауазымға қабылданған екі азаматтың жалақысы екі түрлі болса да кемсіту болып саналады дейді маман.  

“Кемсіту жағдайлары болған жағдайда жұмыс берушілерге айыппұл салынады. Ол үшін белгілі бір лауазымға үміткер еңбек инспекциясына арыз жазу керек. Міндетті түрде жаза қарастырылған. Шағын кәсіпкерлер 30 АЕК. Орта кәсіпкерлік субъектілеріне 60 АЕК. Ірі кәсіпорындарға 100 АЕК айыппұл қарастырылған”, – дейді Жұмағазиева.

Жалпы, дискриминация мемлекеттік органдарда да кездеседі дейді ведомство өкілдері. Мұндай жағдайға жол берген мекеменің бірінші басшысына 110 мың теңге көлемінде айыппұл салынады екен. Сондықтан әр азамат өз құқығын заң аясында қорғауы керек.

29 тамыз 2024 ж. 190 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031