Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тазалық табалдырықтан басталады

Тазалық табалдырықтан басталады


Өндіріс орындары болмаса да, табиғи экологиялық проблемалар бар Қазалы ауданында тазалық пен абаттандыру әрқашан күн тәртібінде тұрады. «Тазалық табалдырықтан басталады» десек, әрбір тұрғын ортақ мекенінің жалпы ахуалына жауапты екенін білсе де, қоғамдық орындардағы кереғар көріністер көлемі азаймай отыр.
Әрбір қазақстандық меншікті мекенін аялап, оның дамуы мен өрістеуіне күш жұмылдыруға бағыттайтын «Таза Қазақстан» республикалық акциясының ау­данда атқарылу деңгейі қандай?
Биылғы көктем басталысымен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық ак­циясына қазалылықтар да жұмыла кірісті.
Президент тапсырмасына сәйкес, ел аумағындағы «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» сынды өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты болған, 5 аптаға созылған бұл науқаннан жергілікті жұрт тыс қалмаған.
Акция аясында ауыз толтырып айтарлық іс атқарылып, қаза­лы­лылықтар белсенділік пен ауызбіршілік, жауапкершіліктің жар­қын үлгісін байқатқан.
Бұл бағытта ауданда да арнайы іс-шаралар жоспары бекі­тіліп, барлық кент, қала және ауылдық округтерде сенбіліктер ұйымдастырылған. Әрбір тазалық апталығының тақырыптарына орай, аудан орталығы мен барлық елді-мекендердің көшелері тазаланып, аяқ су арықтары шөптер жұлынып, су көздері ашылған. Саябақтар, скверлер жаңаланып, сырланған. Сынған электр жарықшамдары қалыпқа келтіріліп, тұрғындар мен келуші қоақтар алаңсыз қыдыратын орынға айналған. Мекеме, кәсіпорындар аумақтары артық заттардан арылған. Ауданның ішкі, сыртқы аймақтары қоқыстардан тазартылып, қоқыс полигондарына жеткізілген. Көрікті жерлерге гғаш және гүл шоқтары отырғызылып, ғимараттардың қасбеттерін әктеу мен көше бойындағы шартақтар мен қоршаулар қойылған. Жаңғырып, сырланып, әктелген жол белгілері, аялдамалар басқа да нысандарды көркем кейіпке енген.
Бұл туралы жақында өткен есебінде Қазалы ауданының әкімі Мейрамбек Шермағанбет мәлімдеді.
«Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінде бүгінде 50 мыңға жуық халық тұрады. Әйтеке би кентін ауданның айнасы деуге болады. Әйтеке би кентінің тазалығы баршамыздың ортақ абыройымыз болғандықтан, кент аумағын 7 аймаққа бөліп, әрбір аймақ бойынша тазалық жұмыстарын жүргізіп келеміз», – деді ол сөзінде.
Абаттандыру жұмыстарының ауқымы да артқан. Аудан әкімінің айтуынша, алда алдағы ауданның бас қақпасы саналатын Теміржол вокзалын, тарихы орын – Жеңіс саябағын, сонымен қатар аудан әкімдігі ғимараты мен Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицей алдын, Әйтеке би кентіндегі Орталық алаңға аббаттандыру жұмыстарын жүргізуді жоспарланған. Бүгінде талмыш жұмыстардың бірқатары қолға алынып та үлгерген.
Мәселе де жоқ емес. Қоғамдық орындар мен тұрғындар үй­лерінің айналасына тұрмыстық қалдықтарды қалай болса солай тас­тай салу салдары қиындық тудыруда. Ортақ мүліктерге жастар тарапынан жанашырлық қажет. «Таза Қазақстан» кезекті сенбілік атауы емес, туған жерді сүю, қадірлеу қастерлеуге арналған маңызды шара.
Тұрғындар, қоғамдық қызмет­керлер, ұйымдар мен кәсіпорындар қызметкерлері қамтылған іргелес аумақтар ен аулаларды тазартатын бұл жұмыстар әр сенбі сайын қарқынды жүргізіліп, жыл соңына дейін жалғаспақ.
Айару ЕРКІН
27 тамыз 2024 ж. 137 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930