Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Fly Arystan билеттері неге қымбаттады – Министр жауап берді

Fly Arystan билеттері неге қымбаттады – Министр жауап берді

Министр билет бағасы мемлекет тарапынан қадағаланбайтынын, бұл нарықтық экономика екенін де еске салды.

Фото: Pixabay.com
Көлік министрі Марат Қарабаев елдегі лоукостер әуе компаниясының билеттері неге өзге компаниялардан қымбат екенін түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Лоукосер өз мақсатынан айныған жоқ. Кезінде 12-16 мың теңгеден билеттер шыққанда, мүлдем ұшақпен ұшпаған адамдар да ұшып бастады. Бұл қазақстандықтар арасында жаңа мәдениет қалыптастырды. Соның нәтижесінде соңғы үш жылда әуежай жолаушылары саны 20 пайызға артты. Жалпы Fly Arystan құрылғалы билеттерінің 56 пайызы жеңілтетілген бағамен сатылған», - деп жауап берді министр Үкімет үйінде тілші сұрағына.

Министр билет бағасы мемлекет тарапынан қадағаланбайтынын, бұл нарықтық экономика екенін де еске салды.

Ал тілші лоукостер бағасынан Air Astana, Scat әуе компанияларының билеті арзанырақ шығатынын айтты.

«Қазір Алматыдан Астанаға 19 қыркүйекке билет қарап отырымын, 19 мың теңгеден билеттер бар. Жалпы билет бағасының 60 пайызын жанар-жағармай құрайды, оған қоса ұшақты күтіп-ұстау, қозғалтқыш секілді бөлшектерінің бағасы шетелдік валютада өсіп жатыр, бұл да бағаға әсер етеді. Скаттың өзі де жеңілдікті билет жүйесін енгізіп жатыр. Бұл әрине жақсы, Fly Arystan бомлағанда билет бағасы қымбатқа сатылар еді», - дейді М. Қарабаев.

Сонымен бірге, министр қазақстандық және шетелдік әуе компанияларын салыстыруға болмайтынын айтты.

«Біріншіден халықаралық бағыттарда қанша компанияның жұмыс істейтініне қарау керек. Бір бағытқа бірнеше компания ұшса, қызу бәсекелестік бағаға әсер етеді. Екіншісі, ара қашықтық шақырымын есептеу керек. Тура сол шақырымды есептесеңіз, Еуропадағы баға біздікімен бірдей немесе біздікі төмен болып шығады. Мұндай егжей-тегжейлі саралауды жиі өткіземіз. Жалпы ұшақты күтіп-ұстауда әлем бойынша бір баға бар. Осының бәрі билет құнына әсер етеді», - дейді Көлік министрі.
20 тамыз 2024 ж. 152 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 127

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 122

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 114

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930