Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкеріне жаңа талап қойылды

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкеріне жаңа талап қойылды

Париж Олимпиадасынан кейін Мырзағали Айтжанов бас бапкерлік қызметтен кетіп, орнына Қайрат Сәтжанов тағайындалған болатын. 
Фото: olympic.kz
Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Мұхтархан Ділдәбеков ұлттық құраманың жаңа бас бапкеріне қойылған негізгі талаптардың бірін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 
   "Қайрат Сәтжановтың алдағы Олимпиадалық циклге ұсынған жоспарын талқыладық. Көңілімізден шықты. Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша бас бапкерді ауыстырғанымызды білесіздер. Оған қойылған негізгі талаптардың бірі  - командада жеке шәкіртінің болмауы. Сондай-ақ, шетелдік мамандармен жұмыс істеп, жасөспірім және жастар командаларына бірдей көңіл бөлуді жоспарлап отырмыз", - дейді Ділдәбеков.

Айта кетелік, Париж Олимпиадасынан кейін Мырзағали Айтжанов бас бапкерлік қызметтен кетіп, орнына Қайрат Сәтжанов тағайындалған болатын. Сәтжановтың жетекшілігімен қазақстандықтар Сербияда (2021) өткен әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсеткен.

19 тамыз 2024 ж. 198 0

Қазақтың келіндері

25 тамыз 2026 ж. 84

Алданазар бидің шешімі

25 тамыз 2026 ж. 79

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31