Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бокстан Қазақстанның жастар және жасөспірімдер құрамасында бапкерлер ауысты

Бокстан Қазақстанның жастар және жасөспірімдер құрамасында бапкерлер ауысты

Фото: baq.kz
Бокстан Қазақстан жастар командасының бапкерлер құрамында өзгерістер болды, деп жазады turkystan.kz.

Olympic.kz сайтының дерегінше, Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері қызметіне Қайрат Сәтжанов тағайындалды. Ол бұл міндетті атқарған Әділ Басығараевты алмастырды.

Қайрат Сәтжанов еңбек жолында жасөспірімдер командасынан бөлек, бас құраманы да жаттықтарған. Сәтжановтың жетекшілігімен қазақстандық боксшылар Сербияда өткен әлем чемпионатында 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды.

Қыздар командасында да бапкерлер ауысты. Қыздар арасындағы жастар құрамасына Жангелді Ахметов аға бапкер болып тағайындалды.

Сонымен қатар, бокстан Қазақстан жасөспірім ұлдар командасына Мақсат Оспанов, жасөспірім қыздар командасына Айбек Әбілдә жетекшілік етеді.
04 сәуір 2024 ж. 99 0

Ебін тапқан, екі асайды

27 шілде 2024 ж. 26

Ажарлы мекен Аранды

27 шілде 2024 ж. 26

Анаға тағзым

27 шілде 2024 ж. 28

Меже мен мүмкіндік

27 шілде 2024 ж. 29

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031