Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық диқандар күріш жинау науқанын бастады

Қызылордалық диқандар күріш жинау науқанын бастады

© Sputnik/Ляля Лилова
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қызылордалық диқандардың егін жинау науқанын бастау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
Іс-шара Қызылорда облысында өткен республикалық семинар-кеңес аясында өтті.
Биыл үкімет егіс және егін жинау науқанын қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің барлық мәселелерін шешті.
Алғаш рет көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жеңілдікпен кредит беру көлемі 580 млрд теңгеге жетті, жылдық мөлшерлеме 5%-пен берілді. 334 млрд теңге игерілді.

"Президенттің тапсырмасы бойынша биыл тыңайтқыштар енгізу бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Мәселен, егер өткен жыл ішінде 679 мың тонна енгізілсе, қазіргі уақытта ғана 1,2 млн тонна сатып алынды. Бұл ретте Қызылорда облысы тыңайтқыштар енгізу бойынша көш бастады. Жоспар бойынша 63,3 мың тоннаға 100% үлес қосылды", - деді Айдарбек Сапаров.

Биылөңірдің фермерлері жарты миллион тоннадан астам күріш жинауды жоспарлап отыр.
Іс-шара барысында өңірлік ауыл шаруашылығы кооперативтері мен өнім өндірушілер арасында меморандумдарға қол қойылды.
Қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес өңірлердің тұрақтандыру қорларына 1000 тоннадан астам күріш пен тұз жеткізілетін болады.
Бұл өнімдер ішкі нарықты қанықтырады және күріш пен тұз бағасының тұрақтануын қамтамасыз етеді.
18 тамыз 2024 ж. 189 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 117

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 106

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930