Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Отандық өндірушілердің бірыңғай тізілімі әзірленеді

Отандық өндірушілердің бірыңғай тізілімі әзірленеді

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
Осы жылдың соңына дейін отандық өндірушілердің бірыңғай тізілімі жасақталады. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты.

“Бүгінде отандық өндірушілердің бірыңғай тізілімін жинақтау жұмысы жүргізіліп жатыр. Тізілімде отандық тауар өндірушілер туралы ақпарат, оның ішінде шығарылатын өнім, көлемі, көрсетілетін қызмет түрлері және қызметкерлер саны туралы толық мәлімет қамтылатын болады», - деді ол.

Министрдің сөзіне қарағанда, тізілімге енгізілген субъектілер мемлекеттік қолдау шараларына, сонымен қатар, мемлекеттік, квазимемлекеттік және жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың сатып алуларына қатыса алады.

«Тізілімге енгізілген өндірушілерге локализациялауды арттыру шарты қойылады. Осы жылдың соңына дейін тізілімді іске қосу жұмыстарын толық аяқтау көзделіп отыр», - деді Қанат Шарлапаев.


16 тамыз 2024 ж. 118 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 82

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930