Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Денсаулық сақтау министрлігі ауруханаға жатқызу процесін жеңілдетті

Денсаулық сақтау министрлігі ауруханаға жатқызу процесін жеңілдетті

Фото: pixabay.com
Денсаулық сақтау министрлігі жоспарлы ауруханаға жатқызуға дайындық рәсімдерін жеңілдетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ДСМ емханалар мен стационарлардағы медициналық көмекке қолжетімділікті арттыру мақсатында халықаралық стандарттарға сай диагностикалық рәсімдерді оңтайландыру жұмыстарын жүргізді, деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Жаңа стандартқа сәйкес, жалпы тізімде стационарлық жағдайда соматикалық бейіндегі науқастарды емдеуге қажет негізгі 13 зерттеу анықталды.

Сонымен бірге, бірқатар зертханалық аспаптық зерттеу нәтижелерінің жарамдылық мерзімі 10 күннен 14 күнге дейін, 1 айдан 6 айға дейін ұзартылып, бұл ауруханаға жатқызуға дайындық үдерісін айтарлықтай қысқартуға септік етті, – деп қосты министрлік.

Диагностикалық рәсімдерді стандарттау мен оңтайландыру қажетсіз шығындарды азайтып, халықтың қалтасынан шығатын ақшаны төмендетуге бағытталған. Бұл өзгерістер медицина ресурстарын тиімді пайдаланып, науқастарға түсетін жүктемені азайтуға ықпал етеді.
15 тамыз 2024 ж. 238 0

Өнердің өріндегі өмір

23 мамыр 2026 ж. 130

Шуақты өнер шырақшысы

23 мамыр 2026 ж. 128

Табысты бизнес моделі

23 мамыр 2026 ж. 138

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031