Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Министрлік науқастарды қызылшадан емдеу тәртібіне қатысты түсінік берді

Министрлік науқастарды қызылшадан емдеу тәртібіне қатысты түсінік берді

Фото: Pixabay
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі науқастарды қызылшадан емдеу және аурудың таралуына жол бермеу хаттамасына қатысты түсінік берді.

«Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы мәліметіне сәйкес, қызылша ауруының өршуіне байланысты және жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау мақсатында өңірлердегі жедел медициналық жәрдем станцияларының барлық қызметкері шақырылған нысандарға маскамен барады. Бөртпе пайда болғаннан кейін 5 күнге дейін науқас оқшаулануы тиіс. Вакцинацияланбаған әрі науқаспен байланыста болған адамдарды инкубацияның 8-ші күннен 17 күнге дейін, пассивті иммунизациямен қамтылғандарды 21 күнге дейін бөлектеу ескерілген», - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Сонымен қатар, эпидемия ошақтарындағы 25 жасқа дейінгі (вакцинацияланбаған, егілгені туралы деректер жоқ немесе бір дозамен егілген) байланыста болған адамдарды иммунизациялау тірі құрамдастырылған вакцинамен, қызылшаға қарсы тірі моновалентті вакцинамен іске асырылады.

«Қарсы көрсеткіштер болған жағдайда, қызылшаға қарсы арнайы иммуноглобулин енгізіледі», - деп аталып өткен ведомство ақпаратында.
22 ақпан 2024 ж. 199 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 85

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930